
iTest қолданбасын жүктеп алу
Мектеп емтихандарына ыңғайлырақ форматта дайындалыңыз
Қазақстанда қоғамдық-саяси бірлестіктердің құрылуы
1980 жылдардың аяғы мен 1990 жылдардың басындағы экономикалық, әлеуметтік және саяси салалардағы реформалар әртүрлі әлеуметтік топтардың құқықтары мен мүдделерін қорғау үшін қоғамдық бірлестіктердің құрылуын талап етті.
1991 жылы 27 маусымда «Қазақ КСР-індегі қоғамдық бірлестіктер туралы» Қазақ КСР заңы қабылданды. 1996 жылы Қазақстан Республикасының «Қоғамдық бірлестіктер туралы» және «Саяси партиялар туралы» заңдары, 2002 жылы «Саяси партиялар туралы» заңы қабылданды.
Біртіндеп елде «Қазақстанның халық конгресі», «Алаш», «Қазақстанның социал-демократиялық партиясы», «Қазақстанның социалистік партиясы», «Қазақстанның республикалық партиясы» және «Лад» республикалық славяндар қозғалысы, «Азат» азаматтық қозғалысы, «Единство» қозғалысы, «Әділет» тарихи-ағартушылық қоғамы, «Поколение» зейнеткерлер қозғалысы т.б. құрылды.
Қозғалыс, ұйым – азаматтардың саяси, әлеуметтік, экономикалық, мәдени саланың біреуіне байланысты көзқарастарын білдіретін бірлестіктер. Олар қоғамдағы белгілі бір проблеманы шешу үшін құрылып, сол проблема шешімін тапқан жағдайда жұмыстарын тоқтатуы мүмкін. Ал ұйым кей жағдайда өзге мәселені көтеру үшін жұмысын жалғастырып немесе партия болып қайта құрылады.
1980 жылдардың аяғына қарай Қазақ КСР-де демократиялық процестің жандауына байланысты қоғамдық ұйымдар құрыла бастады.
1989 жылдың көктемінде Қазақстанда алғашқы болып «Невада-Семей» экологиялық қозғалысы құрылды. Бұл қозғалыстың лидері ақын О. Сүлейменов болды. Қозғалыстың мақсаты – республика жеріндегі Семей және басқа полигондарды жабу, полигон зардабын шеккен халыққа көмек көрсету. Қозғалыс төрағасы О. Сүлейменов пен қоғам қайраткері, ақын М. Шахановтың бастамасымен Балқаш және Арал проблемалары бойынша комитет құрылды. Комитеттің негізгі мақсаты Арал төңірегіндегі экологиялық апаттың зардабын шеккендерге көмек беру, теңіздің экологиялық апатына үкімет назарын аудару болды.
1989 жылы «Әділет» қоғамы құрылды. Қазақстанда бұдан басқа «Азамат», «Ақиқат», «Қазақ тілі», «Мұсылман әйелдер лигасы» сияқты қоғамдық саяси қозғалыстар құрылды.
1990 жылы «Азат» азаматтық қозғалысы құрылды. Басты мақсаты Қазақстанның мемлекеттік егемендігін алу болды.
1990 жылы ұлтаралық «Единство» қозғалысы құрылды. Қозғалысқа ғылыми-техникалық интеллигенция өкілдері кірді.
1990 жылы Қазақстанда 100-ден аса қоғамдық-саяси қозғалыс болды. Алматыда ғана 40-қа жуық саяси қозғалыс жұмыс істеді. Бұл кезде Қазақстандағы қоғамдық-саяси қозғалыстардың біршамасы әлсіз және қалыптасу кезеңінде болды. «Невада-Семей», «Қазақ тілі» сияқты қоғамдық қозғалыстар біршама мықты, мүшелері мен белгілі дәрежедегі қаржылық қорлары бар ірі қозғалыстар болды.
1990 жылдардың басына қарай Қазақстанда бұрын патша үкіметінің жазалаушы күші болған казактар ұйымы пайда болды. 1991 жылы 15 қыргүйекте Орал қаласында казактар патша үкіметіне қызмет етуінің 400 жылдығын тойлату туралы шешім қабылдады. Бұл қазақ халқының ұлттық мүддесімен санаспағандықтың үлкен дәлелі болды.
«Азат», «Желтоқсан», «Парасат» қозғалыстары бұл әрекетке ашық түрде қарсы шықты. Жаппай қақтығысқа ұласа жаздаған бұл әрекет жоғарыда аталған қозғалыстар мен құқық қорғау органдарының араласуымен тоқтатылды.
1998 жылғы қарашада «Ақ жол» қоғамдық қозғалысы құрылды. Жетекшісі – Н. Оразалин. Мақсаты – президент Н.Ә. Назарбаевтың саяси бағытын қолдау, «Қазақстан-2030» стратегиясын жүзеге асыру.
2001 жылғы қарашада «Қазақстанның демократиялық таңдауы» атты қоғамдық-саяси бірлестік құрылды.
1995 жылы 1 наурызда Қазақстан президентінің Жарлығымен мемлекет басшысы жанындағы консультативті-кеңесші орган болып Қазақстан халқы Ассамблеясы құрылды. Президент Н.Ә. Назарбаев Қазақстан халқы Ассамблеясын құру идеясын алғаш рет 1992 жылы тәуелсіздіктің бірінші жылына арналған Қазақстан халқының бірінші форумында жариялады. Мұндай институтты құру қажеттілігі саяси тұрғыдан, сондай-ақ жаңадан құрылған, тәуелсіз, көпэтносты, көпконфессиялық мемлекеттің тұрақты дамуы тұрғысынан туындаған еді. Аталған бастама мәдениетаралық диалогты нығайтудың жаңа кезеңінің негізін қалап, этносаралық қатынастарды дамыту мәселелерін жоғары деңгейде шешуге мүмкіндік жасайтын әлемдік тәжірибедегі тың бағыт болып есептелді. Республикада 300-ден аса қоғамдық-саяси ұйым, 68 әртүрлі қор тіркеуге алынды. 1993 жылдың соңына қарай қоғамдық-саяси қозғалыстар берік саяси күшке айналды.
Қоғамдық қозғалыстар да, саяси партиялар да қоғамда түрлі көзқарастар мен демократияландыруды дамытуға үлес қосады, халықтың саяси сана-сезімін, сондай-ақ саяси мәдениетін қалыптастыруға ықпал етеді.
Тезистер
- 1980 жылдардың аяғы мен 1990 жылдардың басындағы экономикалық, әлеуметтік және саяси салалардағы реформалар әртүрлі әлеуметтік топтардың құқықтары мен мүдделерін қорғау үшін қоғамдық бірлестіктердің құрылуын талап етті.
- 1991 жылы 27 маусымда «Қазақ КСР-індегі қоғамдық бірлестіктер туралы» Қазақ КСР заңы қабылданды. 1996 жылы Қазақстан Республикасының «Қоғамдық бірлестіктер туралы» және «Саяси партиялар туралы» заңдары, 2002 жылы «Саяси партиялар туралы» заңы қабылданды.
- Біртіндеп елде «Қазақстанның халық конгресі», «Алаш», «Қазақстанның социал-демократиялық партиясы», «Қазақстанның социалистік партиясы», «Қазақстанның республикалық партиясы» және «Лад» республикалық славяндар қозғалысы, «Азат» азаматтық қозғалысы, «Единство» қозғалысы, «Әділет» тарихи-ағартушылық қоғамы, «Поколение» зейнеткерлер қозғалысы т.б. құрылды.
- Қозғалыс, ұйым – азаматтардың саяси, әлеуметтік, экономикалық, мәдени саланың біреуіне байланысты көзқарастарын білдіретін бірлестіктер.
- 1980 жылдардың аяғына қарай Қазақ КСР-де демократиялық процестің жандауына байланысты қоғамдық ұйымдар құрыла бастады.
- 1989 жылдың көктемінде Қазақстанда алғашқы болып «Невада-Семей» экологиялық қозғалысы құрылды. Бұл қозғалыстың лидері ақын О. Сүлейменов болды.
- Қозғалыс төрағасы О. Сүлейменов пен қоғам қайраткері, ақын М. Шахановтың бастамасымен Балқаш және Арал проблемалары бойынша комитет құрылды.
- Комитеттің негізгі мақсаты Арал төңірегіндегі экологиялық апаттың зардабын шеккендерге көмек беру, теңіздің экологиялық апатына үкімет назарын аудару болды.
- 1989 жылы «Әділет» қоғамы құрылды. Қоғамның негізгі мақсаты ұжымдастыру кезіндегі ашаршылық, сталиндік репрессия шындығын ашу болды.
- Қазақстанда бұдан басқа «Азамат», «Ақиқат», «Қазақ тілі», «Мұсылман әйелдер лигасы» сияқты қоғамдық саяси қозғалыстар құрылды.
- 1990 жылы «Азат» азаматтық қозғалысы құрылды. Басты мақсаты Қазақстанның мемлекеттік егемендігін алу болды.
- 1990 жылы ұлтаралық «Единство» қозғалысы құрылды. Қозғалысқа ғылыми-техникалық интеллигенция өкілдері кірді.
- 1990 жылы Қазақстанда 100-ден аса қоғамдық-саяси қозғалыс болды. Алматыда ғана 40-қа жуық саяси қозғалыс жұмыс істеді.
- 1990 жылдардың басына қарай Қазақстанда бұрын патша үкіметінің жазалаушы күші болған казактар ұйымы пайда болды.
- 1998 жылғы қарашада «Ақ жол» қоғамдық қозғалысы құрылды. Жетекшісі – Н. Оразалин. Мақсаты – президент Н.Ә. Назарбаевтың саяси бағытын қолдау, «Қазақстан-2030» стратегиясын жүзеге асыру.
- 2001 жылы қарашада «Қазақстанның демократиялық таңдауы» атты қоғамдық-саяси бірлестік құрылды.
- Қазақстан халқы ассамблеясы 1995 жылғы 1 наурызда Қазақстан Республикасы президентінің Жарлығымен мемлекет басшысы жанындағы консультативті-кеңесші орган болып құрылды.
- Республикада 300-ден аса қоғамдық-саяси ұйым, 68 әртүрлі қор тіркеуге алынды.
- 1993 жылдың соңына қарай қоғамдық-саяси қозғалыстар берік саяси күшке айналды.
- Қоғамдық қозғалыстар да, саяси партиялар да қоғамда түрлі көзқарастар мен демократияландыруды дамытуға үлес қосады, халықтың саяси сана-сезімін, сондай-ақ саяси мәдениетін қалыптастыруға ықпал етеді.