Толық ҰБТ тапсыру
Қазақша

iTest қолданбасын жүктеп алу

Мектеп емтихандарына ыңғайлырақ форматта дайындалыңыз

Қоғамды жаңарту шараларының жүргізілуі

Конспект

Елде іске асырылып жатқан демократиялық өзгерістер бұқара халық арасында әртүрлі көзқарастардың, түрлі қоғамдық пікірлердің ашық айтылуына және бірқатар саяси партиялар құрылып, олардың кеңінен дамып өрістеуіне жағдай жасады.

1987 жылдың басынан 1991 жылдың соңына дейінгі 5 жыл ішінде Қазақстан Ресейдің қарамағындағы келешегі күнгірт, тәуелді одақтас республикадан дүниежүзіндегі іргелі мемлекеттермен терезесі тең, тәуелсіз елге айналды.

1989 жылдың маусымында Қазақстан КП Орталық комитетінің бірінші хатшылығына Н.Ә. Назарбаев келді.

Аумалы-төкпелі кезде келген жаңа басшылық алдында жауапты шараларды іске асыру міндеті тұрды.

Ең алдымен халықты «қазақ ұлтшылдығы» деген айыптаудан арашалауға күш салынды. Билік жүйесіне реформатор бірқатар жас келді. Н.Ә. Назарбаев кеңестік кеңістіктегі экономикалық, мәдени интеграцияның жүзеге асырылуына көп көңіл бөлді.

1987 жылы Қазақстан КП Орталық комитеті мен Қазақ КСР Министрлер кеңесінің қазақ және орыс тілдері туралы қаулылары шықты. Осыдан бастап тіл мәселесі Қазақстанның ішкі саяси айтыстарында жиі сөз бола бастады. Көп жылдан бері қордаланып қалған тілдің өзекті мәселелері баспасөзде үнемі көтерілетін болды. Мұның нәтижесі  тілдер туралы арнай заңның қабылдануына түрткі болды.

Заңдар Қазақстанның саяси және экономикалық егемендігін іс жүзінде нығайтуға бағытталды. Олар азаматтардың құқықтарын едәуір кеңейтіп, республикада тұратын барлық ұлт өкілдерінің тілегіне жауап беретін еді. 1989 жылдың қыргүйегінде республиканың Жоғарғы кеңесінің қазақ тіліне мемлекеттік тіл дәрежесін берген «Қазақ КСР-дегі тілдер  туралы» заңын қабылдауы үлкен оқиға болды.

Бұл құжатта Қазақ КСР-інің мемлекеттік тілі қазақ тілі деп көрсетілді. Орыс тілі республикадағы ұлтаралық қатынас тілі болып жарияланды. Бұл заң қазақ тілінің мәртебесін көтеріп, оны одан әрі дамыту ісіне кең жол ашты. 1990 жылдың маусымынан 1991 жылдың маусымына дейінгі бір жылдың ішінде республика бойынша қазақ тілінде тәлім беретін 482 балабақша, қазақ тілінде білім беретін 155 мектеп, 4 кәсіптік-техникалық училище, жоғары оқу орындарында факультеттер, бөлімдер ашылып, қазақ тілін үйрететін топтар құрылды. Көпұлтты Қазақстанда тіл саясатының салауатты жүргізілуі қоғамның саяси орнықтылығын қамтамасыз ететін факторлардың бірі еді.

Қазақстан КП Орталық комитетінің идеология және ғылым мәселелері жөніндегі әр жылдары қабылданған қаулыларының күші жойылды. Қазақ фольклорының, әдебиеті мен өнерінің бұған дейін тыйым салынып келген көркем шығармаларын тереңірек зерттеу мүмкіндігі туды.

1988 жылы Қазақстан Компартиясы Орталық комитетінің қаулысымен 1930-1950 жылдары жазықсыз жазаға ұшыраған қазақ зиялылары: ақын, философ Шәкәрім Құдайбердіұлы (1858-1931 жж.), жазушы әрі ғалым Жүсіпбек Аймауытов (1889-1931 жж.), жазушы, педагог Міржақып Дулатұлы (1885-1935 жж.), тіл, әдебиет, саясат, ғылым, журналистика саласында мол мұра қалдырған Ахмет Байтұрсынұлы (1873-1937 жж.), атақты ақын, белгілі саясатшы, педагог Мағжан Жұмабаев (1893-1936 жж.) ақталды.

Осы кезден бастап баспасөз бетінде аса көрнекті қоғам және мәдениет қайраткерлері Әлихан Бөкейханов, Мұхамеджан Тынышбаев, Халел Досмұхамедов, Жаһанша Досмұхамедов, Мұстафа Шоқай, Құдайберген Жұбановтардың өмірі мен қоғамдық қызметіне қатысты шындықтар айтылған материалдар көптеп жариялана бастады.

Осыдан бастап большевиктік қудалаудың құрбандарын ақтау, олардың қоғамдық қызметтерін саралап, баға беру, Қазақстан тарихында алатын орнын анықтау түгелімен ұлт зиялыларының қолына көшті.

 

Тезистер

  • Елде іске асырылып жатқан демократиялық өзгерістер бұқара халық арасында әртүрлі көзқарастардың, түрлі қоғамдық пікірлердің ашық айтылуына және бірқатар саяси партиялар құрылып, олардың кеңінен дамып, өрістеуіне жағдай жасады.
  • 1989 жылдың маусымында Қазақстан КП Орталық комитетінің бірінші хатшылығына Н.Ә. Назарбаев келді.
  • Ең алдымен халықты «қазақ ұлтшылдығы» деген айыптаудан арашалауға күш салынды.
  • Билік жүйесіне реформатор бірқатар жас келді.
  • 1987 жылы Қазақстан КП Орталық комитеті мен Қазақ КСР Министрлер кеңесінің қазақ және орыс тілдері туралы қаулылары шықты.
  • Заңдар Қазақстанның саяси және экономикалық егемендігін іс жүзінде нығайтуға бағытталды.
  • 1989 жылдың қыргүйегінде республиканың Жоғарғы кеңесінің қазақ тіліне мемлекеттік тіл дәрежесін берген «Қазақ КСР-дегі тілдер  туралы» заңын қабылдауы үлкен оқиға болды.
  • Бұл құжатта Қазақ КСР-інің мемлекеттік тілі қазақ тілі деп көрсетілді. Орыс тілі республикадағы ұлтаралық қатынас тілі болып жарияланды.
  • 1990 жылдың маусымынан 1991 жылдың маусымына дейінгі бір жылдың ішінде республика бойынша қазақ тілінде тәлім беретін 482 балабақша, қазақ тілінде білім беретін 155 мектеп, 4 кәсіптік-техникалық училище, жоғары оқу орындарында факультеттер, бөлімдер ашылып, қазақ тілін үйрететін топтар құрылды.
  • Көпұлтты Қазақстанда тіл саясатының салауатты жүргізілуі қоғамның саяси орнықтылығын қамтамасыз ететін факторлардың бірі еді.
  • Қазақстан КП Орталық комитетінің идеология және ғылым мәселелері жөніндегі әр жылдары қабылданған қаулыларының күші жойылды.
  • Қазақ фольклорының, әдебиеті мен өнерінің бұған дейін тыйым салынып келген көркем шығармаларын тереңірек зерттеу мүмкіндігі туды.
  • 1988 жылы Қазақстан Компартиясы Орталық комитетінің қаулысымен 1930-1950 жылдары жазықсыз жазаға ұшыраған қазақ зиялылары: ақын, философ Шәкәрім Құдайбердіұлы (1858-1931 жж.), жазушы әрі ғалым Жүсіпбек Аймауытов (1889-1931 жж.), жазушы, педагог Міржақып Дулатұлы (1885-1935 жж.), тіл, әдебиет, саясат, ғылым, журналистика саласында мол мұра қалдырған Ахмет Байтұрсынұлы (1873-1937 жж.), атақты ақын, белгілі саясатшы, педагог Мағжан Жұмабаев (1893-1936 жж.) ақталды.
  • Осы кезден бастап баспасөз бетінде аса көрнекті қоғам және мәдениет қайраткерлері Әлихан Бөкейханов, Мұхамеджан Тынышбаев, Халел Досмұхамедов, Жаһанша Досмұхамедов, Мұстафа Шоқай, Құдайберген Жұбановтардың өмірі мен қоғамдық қызметіне қатысты шындықтар айтылған материалдар көптеп жариялана бастады.


Қате туралы хабарландыру