Толық ҰБТ тапсыру
Қазақша

iTest қолданбасын жүктеп алу

Мектеп емтихандарына ыңғайлырақ форматта дайындалыңыз

FAQ

iTest сайтында ҰБТ-ға дайындықты қалай бастаған дұрыс?
1. iTest сайтында дайындықты бастау үшін, сайтқа тіркелу (аккаунт жасау) керек. Біздің сайтта тіркелу тез әрі оңай;
2. Сайтымызға тіркелгеннен кейін, сайт қалай жұмыс істейтінін түсіну үшін, әрбір пәннен тегін бөлімдерге кіріп, дайындықты бастаңыз;
3. Егер біздің сайт Сізге ұнаса, жазылу бетіне өтіп, өзіңіз қалаған мерзімге жазылуды сатып алыңыз.
Жазылуды сатып алғаннан кейін, Сіз барлық пәндерге кіріп, 24/7 режимінде жұмыс істей аласыз.
iTest сайтына қалай тіркелу (аккаунт ашу) керек?
1. Тіркелу үшін жоғарғы сол жақ бұрышта орналасқан «Тіркелу» батырмасын басыңыз.
2. Ашылған терезенің бірінші жолына өзіңіздің жеке электронды поштаңызды (email) жазыңыз.
3. Екінші жолға құпиясөзді жазыңыз. Құпиясөзді растау үшін оны келесі жолға қайта жазыңыз.
4. Содан соң «Тіркелу» батырмасын басыңыз.
5. Тіркелудің сәтті өткендігі туралы хабарлама шығады және электронды поштаңызға тіркелуді растау туралы хат келеді.
6. Электронды поштаңызға өтіп, iTest-тен келген хаттағы тіркелуді растайтын сілтемені басыңыз. Тіркелу сілтемесін басқаннан кейін iTest.kz сайты ашылады.
Осымен тіркелу аяқталды. Енді біздің сайтымызға қалаған уақытыңызда және қалаған жерден кіре аласыз. Сонымен қоса, осы сайтқа тіркелген мәліметтермен біздің басқа да білім беретін сайттарымызға кірсеңіз болады - www.BilimLand.kz және www.iMektep.kz.

iTest сайтында тіркелу не үшін қажет?
ҰБТ-ға дайындалу үшін, сайтымызда тапсырған тест нәтижелерін бақылау үшін, біздің мамандарымыздан пайдалы ақпарат алу үшін және сайтымызға жазылуды сатып алу үшін Сіз біздің сайтымызға тіркелуіңіз керек.
iTest сайтында тіркелу мен кірудің айырмашылығы қандай?
Сайтымызды алғаш рет ашсаңыз, Сізге тіркелу керек.
Сайтымызға тіркелген болсаңыз, Сізге сайтқа кіруге болады. Ол үшін Сіз тіркелген кезде енгізген кіру мәліметтерін (логин/электронды пошта және құпиясөзіңізді) білу керексіз. Өзіңізге ыңғайлы жерден, қалаған құрылғыдан, ыңғайлы уақытта 24/7 режимінде біздің сайтқа кірсеңіз болады. Осы мәліметтермен (логин, құпиясөз) біздің басқа да білім беретін сайттарымызға - www.BilimLand.kz және www. iMektep.kz-ке кіре аласыз.
Тіркелу кезінде сайт мұндай электронды пошта мекенжайы біздің сайтта бар деген хабарлама шығарса, не істеймін?
Біріншіден, Сіз тіркелу кезінде енгізген (өзіңіздің) электрондық поштаңыздың дұрыстығын тексеріп алыңыз. Егер енгізген электрондық поштаңыздың дұрыстығына сенімді болсаңыз, онда құпиясөзді қалпына келтіру функциясы арқылы уақытша құпиясөзді ала аласыз. Яғни, жаңадан тіркелудің қажеті жоқ.
Құпиясөзді ұмытып қалсам, не істеймін?
Мұндай жағдайда Сізге құпиясөзді қалпына келтіру мүмкіндігін пайдалану керек. Ол үшін Кіру мәліметтерін енгізу жолдарының қасында орналасқан "Құпиясөзді қалпына келтіру" батырмасын басу керек. Ашылған терезеге электрондық поштаңызды енгізіп, "Ок" батырмасын басыңыз. Поштаңызға уақытша құпиясөз жіберіледі. Уақытша құпиясөзді пайдалана iTest-ке кіріп, құпиясөзді өзіңізге ыңғайлап өзгертіңіз.
Егер менде iMektep.kz және BilimLand.kz сайттарының аккаунты бар болса, маған iTest-ке тіркелу қажет пе?
Жоқ. Егер Сіз iMektep және BilimLand сайттарында тіркеліп қойсаңыз, онда Сізге iTest сайтына тіркелудің қажеті жоқ. Себебі iTest, iMektep және BilimLand ортақ пайдаланушылар базасын пайдаланады. Яғни егер Сіз айтылған үш сайттың біреуінде тіркелген болсаңыз, сол мәліметтерді пайдаланып барлық үш сайтқа кіре аласыз.
Бірнеше адам бір аккаунтты пайдалана ала ма?
Біздің сайттың құрылымы бойынша бір уақытта бір аккаунтпен тек бір ғана адам пайдалана алады. Егер аккаунт мәліметтерімен өз досыңызбен бөлісетін болсаңыз, онда екеуіңіз сайтқа бір уақытта бірдей кіре алмайсыз. Сайт тек соңғы кірген адамды қалдырып, алғашқы кірген адамды сайттан шығарып тастайды. Сондықтан егер Сізді сайттан себепсіз шығарып тастаса, бұл кіру мәліметтеріңізді басқа адам пайдаланып жатқанын білдіреді. Мұндай жағдайда құпиясөзді өзгерткен дұрыс. Ол үшін Сіз жеке кабинетіңізге кіріп, «Аккаунт баптаулары» батырмасына басып, өз құпиясөзіңізді өзгертсеңіз болады.
iTest сайтында қандай пәндер бойынша ҰБТ-ға дайындалуға болады?
Біздің сайтымызда ҰБТ-да болатын барлық 13 пән бойынша дайындалуға болады.
iTest сайтындағы Жазылу бөлімі нені білдіреді?
"Жазылу" бөлімінде сіз сайтымызға жазылу туралы мәліметтер алып, өз таңдауыңызды жасайсыз, яғни сайтты пайдалану мүмкіндігін сатып ала аласыз.
iTest сайтына қалай жазылуға (сатып алуға) болады?
Ол үшін «Жазылу» сілтемесін басып, нұсқауларды рет-ретімен орындаңыз.
iTest сайтында әр пән бойынша қанша сұрақ бар?

25.01.2016 күнгі мәлімет бойынша (сұрақтар базасы күнделікті толықтырылуда, сондықтан бұл сандар күнде өзгеріп тұрады):

  • Математика - 1681 сұрақ;
  • Қазақстан тарихы - 2345 сұрақ;
  • Қазақ тілі - 1199 сұрақ;
  • Орыс тілі - 861 сұрақ;
  • Қазақ әдебиеті - 1201 сұрақ;
  • География - 1642 сұрақ;
  • Физика - 679 сұрақ;
  • Химия - 747 сұрақ;
  • Биология - 3101 сұрақ;
  • Дүниежүзі тарихы - 1479 сұрақ;
  • Ағылшын тілі - 869 сұрақ;
  • Неміс тілі - 250 сұрақ;
  • Француз тілі - 250 сұрақ,
  • Барлығы - 16304 сұрақ бар.
Қандай мерзімге жазылуға болады?
iTest-те сіз айына 2000 теңгеге рекурентті жазылымды сатып ала аласыз.
Жазылу бетіндегі банк картасы арқылы жасалатын онлайн төлем қауіпсіз бе?
Біздің сайттағы онлайн төлемнің қауіпсіздігі 3 жақтап қамтамасыз етілген. Біріншіден, біздің платформа Сіздің жеке ақпараттарыңызды сақтап, төлем бетіне қауіпсіз апарады. Екіншіден, төлем жүйесі Германиядан әкелінген ePay.kz e-коммерциялық қауіпсіз төлемдерді қабылдайтын жүйемен атқарылады. Үшіншіден, транзакция мәліметтері KazKom жүйесі арқылы өтеді.

Төлем жасалғаннан кейін ақша төленгенін растайтын ақпаратты қайдан аламын?
Төлем сәтті өткен соң, Сіздің электронды поштаңызға төлемді растайтын хат жіберіледі.
Жазылудан бұрын сайтты сынауға бола ма?
Иә, біздің сайтта барлық пәндер бойынша тегін бөлімдер бар.
Сайтта қате тапсам, кімге айтамын?
Барлық тест сұрақтары бірнеше рет мемлекеттік тестілеу орталығының мұғалімдерімен тексерілген. Алайда егер Сіз тест сұрақтарында қате тапсаңыз, әр тест тапсыру бетінінің сол жақ бұрышында тұрған "Қате тапсаң, хабарла!" батырмасын басыңыз. Ашылған терезеге хабарламаңызды жазып, бізге жіберіңіз. Біз міндетті түрде ол қатені түзейміз.
iTest-ке жазылу маған ҰБТ-да жоғары балл алуыма кепіл бере ме?
Біздің сайт ҰБТ-ға дайындалуға арналған жаңадан жасалған тестілеу сұрақтарының бай қорын, қатемен жұмыс мүмкіндігін, қысқаша конспектілер және ыңғайлы интерфейс ұсынады. Бұның барлығы Сіз ҰБТ-да жоғары балл алсын деп жасалған. Алайда біздің сайтқа жазылғаннан кейін Сіз міндетті түрде жоғары балл аласыз деген кепіл бермейміз. Жоғары балл алу тек өзіңізге байланысты. Сіз iTest-тегі материалдарды қаншалықты жетік меңгерсеңіз, соншалықты ҰБТ-да жоғары балл алуға мүмкіндігіңіз бар.
iTest.kz сайтында құпиялық саясаты бар ма?
Иә, біздің сайт әр пайдаланушының мәліметтерін жоғары бағалайды және сенімсіз пайдаланбауға кепіл береді.
Сайтымыздың құпиялық саясатымен танысыңыз.
iTest сайтын пайдалану шарттары қандай?
Сайтымыздың пайдалану шарттарымен танысыңыз.