Толық ҰБТ тапсыру
Қазақша

iTest қолданбасын жүктеп алу

Мектеп емтихандарына ыңғайлырақ форматта дайындалыңыз

ҰБТ-ға дайындық туралы

ҰБТ-ға дайындайтын электронды оқыту кешені www.iTest.kz сайтына қош келдіңіз!

Бұл жобаның басты мақсаты – Ұлттық бірыңғай тестілеу (ҰБТ) сынағына дайындықты қызықты әрі жеңіл ету.

Мұнда кірген тест тапсырмаларын дайындауға ҰБТ-ға жауапты ресми мекеменің іріктеуінен өткен кеңесші-әдіскерлер мен оқытушылар қатысты. iTest әр пәнге арналған ондаған нұсқасы бар, көп деңгейлі тест тапсырмаларынан тұрады.

Оған қоса, қатемен жұмыс істеуге мүмкіндік беретін түсініктеме (комментарийлер) және тақырыптарға шолу жасайтын конспектілер мен лекциялар топтамасы бар. Электронды кешен жекелеген пәндер бойынша сынақтар тапсырып, дайындалуға жол ашады.

Сонымен қатар, бұл оқыту кешені ҰБТ талаптарына мейлінше жақын жағдайда толық ҰБТ үлгілерін тапсыруға машықтанып, дайындықты ұштауға мүмкіндік береді.

iTest – Сізге пайдалы көмекші оқу құралы болады деп сенеміз.