Толық ҰБТ тапсыру
Қазақша

iTest қолданбасын жүктеп алу

Мектеп емтихандарына ыңғайлырақ форматта дайындалыңыз

Құпиялық саясаты

Құпиялық саясаты

Бұл Құпиялық саясаты біздің онлайн режимде мәліметтер жинау мен оларды iTest сайтында сақтау және пайдалану жөніндегі әрекеттеріміз туралы түсінік береді. Осы Құпиялық саясатымен мұқият танысыңыз. Аталған сайтты пайдалануыңыз, сіздің сайт Құпиялық саясатымен келіскендігіңізді білдіреді.

Бұл құжатта аталған сайтқа кіріп қараушылар мен тіркелушілер («Пайдаланушылар» немесе «Сіз») туралы біздің қандай ақпарат жинайтынымыз және оны қалай қолданатынымыз баяндалады. Бұл Құпиялық саясаты үшінші тараптың ақпараттарды жинақтауына, пайдалануына немесе iTest бақылау жүргізбейтін, пайдаланбайтын немесе басқармайтын сайттарға сілтемелер ретінде таратылмайды.

Біз үшін iTest-ке кірушілердің құпиялығы өте маңызды болып саналады. Біз қолданыстағы заңнамамен бекітілген қағидалар мен ережелерді ұстанамыз.

Біз өз технологияларымызды жасаймыз және реттеп отырамыз, сондай-ақ Пайдаланушыларымыздың ақпараттары мен құпиялығын қорғауды ескере отырып, қызметтер ұсынамыз. Бұл Құпиялық саясаты Пайдаланушылардың аталған сайтқа, технологияларға және қызметтерге кіруіне қажетті ақпараттар түрін бекітеді, сонымен қатар рұқсатсыз пайдаланудан қорғау үшін біздің тарапымыздан жасалатын кейбір әрекеттерді белгілейді.
«Пайдаланушы туралы ақпарат» - Сіздің өзіңізге ғана тән, оның ішінде электронды пошта, аты-жөніңіз бен мекен-жайыңыз да енгізілетін мәліметтер жинағы дегенді білдіреді.
«Жасырын ақпарат» - жеке пайдаланушыларды сәйкестендіруге мүмкіндік бермейтін мәліметтер дегенді білдіреді.


Деректерді жинау

iTest сайтқа кіретін пайдаланушылар туралы жүйелі түрде Ақпарат жинамайды. Әрбір пайдаланушыға бірегей нөмір беру үшін біз «cookies» деп аталатын браузерден табылған стандартты функцияны пайдалана аламыз. Cookies бізге Пайдаланушылар кірген сайт беттерін бақылауға, сондай-ақ басқа да статистикалық деректерді жинауға мүмкіндік береді. Пайдаланушы туралы ақпарат бізге Пайдаланушыға жеке қызметтер ұсынуға және олардың сапасын арттыруға көмектеседі. Әрі қарай біз cookie-ді ықтимал алаяқтық жағдайларды, аккаунтарды теріс пиғылда пайдалану немесе басқа да пайдаланудың бекітілген Талаптарын бұзатын жайттарын бақылау үшін қолдана аламыз. Cookie-ді қабылдау не қабылдамау – сіздің өз қалауыңыз; сіз өз браузеріңізді cookie-дің барлық файлдарынан немесе iTest cookie-інен бас тартуға баптай аласыз. Дегенмен, егер cookie-ден бас тартуды немесе оларды жоюды қаласаңыз, бұл функционалды мүмкіндіктердің кейбірін шектеуге әкелуі мүмкін.

iTest 18 жасқа толмаған («Кәмелеттік жасқа толмаған») пайдаланушы туралы Ақпараттар жинамайды және сақтап, өңдемейді. Кәмелеттік жасқа толмағандар бұл сайтты ата-анасының немесе олардың орнын басатын тұлғалардың келісімінсіз пайдалана алмайды. Егер біз кәмелеттік жасқа толмаған тұлға туралы кез келген жеке ақпараттар оның ата-анасының келісімінсіз алынғанын анықтасақ, осы ақпаратты жою үшін тиісті шара қолданатын боламыз.

18 жасқа толмағандарға ескерту: iTest сайтын қолдануды бастамас бұрын, ата-анаңыздан немесе ресми қамқоршыңыздан рұқсат алыңыз. Егер сіздің iTest-ке тіркелгіңіз келсе, ата-анаңыз немесе ресми қамқоршыңыз сіз үшін тіркелу үлгісін толтыру керек.

Мұғалімдерге ескерту: Егер сіз кәмелеттік жасқа толмағандар атынан iTest сайтына тіркелгіңіз келсе, сізге осы тұлғалар үшін тіркелу үлгісін толтыруға олардың ата-анасынан немесе ресми қамқоршысынан рұқсат алу қажет.

Өнімдер мен қызметтерге тапсырыс беретін Пайдаланушылардан тіркелу ережелерін сақтауды бақылау мақсатында пайдаланушы туралы Ақпараттарды жинаймыз. Бұл ақпарат құпия болып саналады, сондықтан таратылмайды және үшінші тұлғаларға берілмейді. Бізге тіркелу және тіркеу процесінің бір бөлігі ретінде тіркелушілерге аккаунт жасау мақсатында ерікті түрде шектеулі жеке ақпараттарын жазу ұсынылуы мүмкін  (аты-жөні, жасы, электронды поштасы, жұмыс орны, телефон нөмірі, төлем деректері мен бірегей құпиясөз).

iTest кәмелеттік жасқа толмағандармен тікелей жұмыс істемейді; егер қандай да бір кәмелеттік жасқа толмаған тұлғаның iTest өнімін немесе қызметін алуға  тырысқандығын анықтасақ біз қашан да ондай тұлғаның ата-анасының не қамқоршысының рұқсатын алуға тырысамыз немесе ол бізге жеке ақпараттарын ұсынады.
Пайдаланушылар туралы ақпарат сіздің рұқсатыңызсыз iTest өнімдерін пайдалануға қатыссыз кез келген мақсаттарда қолданылмайды.

iTest сіздің браузеріңіз, операциялық жүйеңіз туралы жинақталған ақпараттарды немесе сіздің қолданысыңыздағы техникалық мәліметтерді біздің қызметтерімізді жақсарту мақсатында пайдалануы мүмкін.
iTest өз шешімімен үшінші тарап алдында, оның ішінде серіктестер мен жарнама берушілер алдында, кіріп көрушілер мен Пайдаланушылар туралы Жасырын ақпаратты қолдануға және ашуға құқылы. Осыған байланысты Жасырын ақпаратты ашуға, егер ол Пайдаланушы туралы ақпаратты ашпайтындай болса ғана жол беріледі.


Метадеректерді пайдалану

iTest осы Құпиялық саясатына сәйкес, өз ішіне пайдаланушыларға арналған қызметтерімізді жақсарту үшін біздің қызметтерімізді қолдану процесінде жасалған тегтер, іздестіру тарихы, сілтемелер, түсініктемелер, хабарламалар мен кіріп шолуды қамтитын, бірақ олармен шектелмейтін метадеректерді пайдалана алады. iTest осы жинақталған ақпараттарды жарнамалық мақсатта және демеушілер тарту үшін пайдалана алады. Алайда іздеу тарихының деректері үшінші тарапқа тек жасырын үлгіде (яғни Жасырын ақпарат ретінде) және пайдаланушы туралы Ақпарат ашып көрсетілмей беріледі.

Қауіпсіздік ережелері

Пайдаланушы біздің тіркелу үлгімізді толтыру барысында құпия ақпарат (мысалы, несие карточкасының нөмірі) енгізген кезде, біз бұл ақпаратты электронды коммерцияның жалпы шифрлік техникасының көмегімен шифрлауды жүзеге асырамыз. Біз өзімізге ұсынылатын жеке ақпараттарды беру кезінде де, сондай-ақ оны өңдеу кезінде де қорғаудың жалпыға бірдей стандарттарын ұстанамыз.

Біз пайдаланушы деректерін тек қызметтерімізді ұсыну немесе жаңарту мақсатында ғана қолданамыз; біз бұл деректерді үшінші тарапқа сатпаймыз немесе лицензияламаймыз.

Ақпараттық бюллетендер мен хабарландырулар
Егер Пайдаланушы бізден хабарлама алуға келіссе, біз оған осы хабарламалар жіберу үшін оның аты-жөні мен электронды мекенжайын қолданатын боламыз. Құпиялық шартын ұстанатындықтан, біз хабарламадан бас тартудың қарапайым әдісін ұсынамыз. Біз Пайдаланушыларға өте сирек, яғни қызметтерге қатысты хабарландырулар ғана жібереміз. Мысалы, егер біздің қызметіміз техникалық қызмет көрсетумен байланысты уақытша қолжетімсіз болса, біз ақпараттық хат жібере аламыз.


Ақпараттың заңды түрде жария болуы

Егер заң бойынша талап етілсе немесе өзіміздің құқықтарымызды қорғау мақсатында мәліметтерді ашу қажет деп тапсақ немесе/және сот шешіміне сәйкес біз сіздің Жеке ақпаратыңызды ашу құқығына ие боламыз.

Құзырет

Бұл сайт Қазақстан Республикасында орналасқан. Тараптар арасындағы барлық құқықтық қатынастар Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен реттеледі.


Құпиялық саясатына өзгертулер мен толықтырулар

Біз үнемі ең жақсы өнімдер мен қызметтер ұсынуға талпынамыз. Интернет қарқынды даму үстіндегі және құбылмалы медиа құрал саналатындықтан және жаңа өнімдер мен қызмет түрлері пайда болып отыратындықтан, осы Саясатқа өзгерістер мен толықтырулар енгізіліп отыруы мүмкін. Біз осы Құпиялық саясатын кез келген уақытта өзгертуге құқылы боламыз. Көп ретте негізгі мәтінге азғана өзгерістер енгізілуі мүмкін, дегенмен керісінше жағдайлардың болуы да ықтимал. Біз сізді сайтқа кірген кезде әрқашан Құпиялық саясаттағы өзгерістерді тексеріп отыруға шақырамыз. iTest сайтына өзгеріске түскен Құпиялық саясатының орналастырылуы өзгертілген шарттардың қолданылуын талап етеді. Сіздің ары қарай да iTest сайтын және контентті қолдануыңыз барлық өзгеріске түскен талаптарды қабылдағаныңыз болып саналады. Егер сіз өзгертілген саясатпен келіспейтін болсаңыз, iTest сайтын немесе контентті ары қарай қолданбаңыз.

Құпиялық мәселелері бойынша бізбен байланысу

Егер сізде осы Құпиялық саясаты жөнінде, бағдарламалық қамтамасыз ету немесе сайтты қолдану бойынша қандай да бір сұрақтар немесе ұсыныстар бар болса, бізбен төмендегі электронды мекенжай бойынша хабарласыңыз: support@itest.kz