iTest қолданбасын жүктеп алу
Мектеп емтихандарына ыңғайлырақ форматта дайындалыңыз
Пайдалану шарттары
14-ақпан 2014 ж.
Бұл сайтты Bilim Media Group компаниясы басқарады. Біздің мекен-жайымыз: Қазақстан Республикасы, 050000, Алматы қаласы, Бұхар жырау бульвары, 33, "Жеңіс" бизнес орталығы, 8-қабат.
Егер қандай да бір сұрақтарыңыз болса, төмендегі мекенжайға электронды хат жолдаңыз: support@itest.kz.
iTest сайтына кіру немесе басқаша қолдану, оның контентін пайдалану осы шарттармен келіскеніңізді және қабылдағаныңызды білдіреді. Пайдалану шарттарын мұқият оқып, танысып шығыңыз.
Егер сіздің жасыңыз 18-ге толмаса, iTest сайтын ата-анаңыздың немесе ресми қамқоршыңыздың қадағалауымен және рұқсатымен ғана пайдалана аласыз.
iTest электронды оқыту кешенін пайдалану үшін жасалатын төлем қайтарылмайтындығы жөнінде ескертеміз.
iTest алдын ала хабарландырмай, себептерін түсіндірместен, кез келген контентті жоюға, өзгертуге, толықтыруға немесе орнын алмастыруға құқылы. iTest, сондай-ақ бүгінгі күнде тегін болып саналатын белгілі-бір контентті болашақта өзгерте алады.
iTest Пайдаланушылармен қарым-қатынасын реттейтін Пайдалану шарттарының бөлігі болып табылатын 14-ақпан 2014 жылы қолданысқа енгізілген біздің Құпиялылық саясатымен, сондай-ақ бағдарламалық қамтамасыз етумен (жүктелетін және жүктелмейтін), оның ішінде iTest сайты ішінде бар технологиялар, пайдаланушы интерфейстері, форумдар, чаттар, профильдер, виджеттер, хабарламалар, сілтемелер, электронды пошта, кестелер, мәтіндер, бейнелер, кодтар, дыбыстар, әуендер, ойындар, барлық аудио немесе басқа материалымен, сондай-ақ біздің сайтымыздың сыртқы түрі мен дизайны, ілеспе ақпарат және құжаттамамен мұқият танысып шығыңыз («Контент»). iTest сайтына немесе оның контентіне кіре отырып немесе оны қолдана отырып, сіз біздің Құпиялылық саясатымызбен келісетініңізді білдіресіз.
iTest сізге шектеусіз, сублицензияға берілмейтін, бөлінбейтін, қайтарып алынатын, бірақ жүктеу (сайт беттерін қарауға қажеттіден басқасын) немесе біздің жазбаша келісімімізсіз сайттың деректерін немесе оның кез келген бөлігін өзгертуге шектеу қоятын iTest сайтына қолжетімділік пен жеке пайдалану лицензиясын ұсынады.
Аталған лицензия iTest сайтын немесе оның контентін коммерциялық пайдалану немесе оны сату құқығын бермейді. Біздің жазбаша келісімімізсіз iTest сайтының контентін жаңартуға, таратуға, көшіруге, қайта шығаруға, сатуға немесе басқаша пайдалануға тыйым салынады. Жоғарыда көрсетілген талаптарға қарамастан, егер iTest сайтының қандай да бір парағында белгі болса, сіз оны жеке қолданысыңыз үшін және білім беру мақсаттарында ғана көрсетілген бетті басып шығара аласыз. Пайдаланушы біздің жазбаша келісімімізсіз, iTest сауда маркасын, логотипін немесе басқа жеке ақпаратын (соның ішінде, сурет, мәтін, беттердің құрастырылуын немесе басқа ақпаратты) құруға немесе пайдалануға құқығы жоқ. iTest сайтын кез келген заңсыз пайдалану автоматты түрде пайдалану лицензиясының күшін жояды. Егер сіз осы Шартты бұзсаңыз немесе сіздің оларды бұзғандығыңыз туралы жеткілікті негіздеме болғанда, біз алдын ала ескертусіз сіздің сайтқа қолжетімділігіңізді тоқтата тұруға және жоюға құқығымыз бар.
Сіз бізге зиян келтіретін бағдарламаларды (вирустар, троян бағдарламасы және т.б.) немесе өзге де зиян келтіретін бағдарламаларды, саяси хабарламаларды, бұқаралық таралымдарды немесе «спамның» басқа да түрін жібермеуге келісесіз. Сіз біздің компьютерлік жүйеге кірудің заңсыз немесе рұқсат етілмеген талпыныстарды, құпия жүйелі ақпаратқа қолжеткізуге, басқа пайдаланушылар туралы ақпаратқа қолжетімділікті қамтамасыз ету талпыныстарын қабылдамауға келісесіз. Сіз жалған электрондық мекен-жайды қолдана алмайсыз, өзіңізді басқа тұлға немесе ұйым ретінде көрсете алмайсыз, сіздің жеке деректеріңізге сәйкес келмейтін өзге де әрекеттерді жүзеге асыра алмайсыз.
Назар аударыңыз, сайт әрқашан да қолжетімді бола бермейді. Кезең-кезеңімен ол жүйелі техникалық қызмет көрсету, апатты жағдайда қызмет көрсету немесе басқа да техникалық себептермен қолжетімді болмауы мүмкін. Кез келген бағдарламалық қызметтер секілді сайтта қателіктер болуы мүмкін. Алайда біз дер кезінде анықтау мен қателерді жою бойынша барлық шараларды қоланамыз.
Пайдаланушының iTest контентіне қолжетімділігі үшін тіркелу талап етіледі. Біз ашық қолжетімділік негізінде сайттың бір бөлігін ұсынамыз, алайда сізге басқа да контентке қолжеткізу үшін тіркелу және төлемді жүзеге асыру қажет. Егер сіз контентті пайдалану үшін тіркеуден өткіңіз келсе, онда сізге пайдаланудың осы Шарттарын орындау қажет. Сіз өзіңіздің аккаунтыңыз бен құпиясөзіңіздің құпиялығын сақтауға міндеттісіз, сондай-ақ сіз өз аккаунтыңыз бен құпиясөзіңіз арқылы жүзеге асатын барлық әрекеттерге жауапы боласыз. Сіз тіркелу барысында өзіңіз жайлы берілген барлық деректердің шынайы екеніне кепіл боласыз. Есте сақтаңыз: iTest білім беру контентін өндіру мен сату порталы болып табылады. Сонымен қатар, iTest оны төлем карталарды пайдалану арқылы операцияларды заңды негізде жасай алатын немесе төлемдердің өзге де рұқсат етілетін түрлерін пайдалана алатын ересектерге сатады. Егер 18 жасқа толмаған болсаңыз, сіз iTest сайтын тек ата-аналардың немесе ресми қамқоршының рұқсатымен және қадағалауымен ғана пайдалана аласыз. iTest қызмет көрсетуден бас тарту, аккаунттарды жою немесе тапсырыстардан өз шешімі бойынша бас тарту құқығына ие. Біз, мысалы, алаяқтықтың алдын алу мақсатында тіркеуден бас тарту құқығын қалдырамыз.
Пайдаланудың осы Шарттарына сәйкес, iTest және оның контенті «Bilim Media Group» ЖШС-не тиесілі және Қазақстан Республикасы заңнамасына, сондай-ақ, халықаралық конвенцияларға сәйкес оның авторлық құқықтарының объектісі, сауда маркасы, оның зияткерлік меншік құқықтарының объектісі болып табылады.
iTest сайтында пайдаланылатын барлық өнім, бренд, компаниялар атауы мен логотиптер сауда маркасы немесе тіркелген сауда белгілері болып табылады. iTest сайтында пайдаланылған өнімдерді, брендтерді, компания атаулары мен логотиптерді «Bilim Media Group» ЖШС-нің жазбаша келісімінсіз кез келген пайдалану түріне қатаң тыйым салынады. Сонымен қатар, iTest сайтының сыртқы түрі, соның ішінде, беттердің, иконкалардың және скрипттердің барлық тақырыпшалары фирмалық белгі, сауда маркасы болып табылады және «Bilim Media Group» ЖШС-нің жазбаша рұқсатынсыз оны бөлшектеп те, сондай-ақ толығымен де көшіруге және пайдалануға тыйым салынады.
iTest басқа тұлғалардың авторлық құқықтарын сақтайды. Егер сіз, iTest сайтындағы кез келген материалдың сіз иеленген немесе бақылайтын авторлық құқықты бұзады деп есептесеңіз, онда бізге, «бұзушылық» туралы келесі мекенжайға хабарлама жіберуіңізді сұраймыз: Қазақстан Республикасы, 050000, Алматы қ., Бұхар жырау бульвары, 33, "Жеңіс" бизнес орталығы, 8-қабат. Электрондық мекенжай: support@itest.kz
Сіз iTest сайтын пайдалануды кез келген уақытта және өз қалауыңызбен тоқтата аласыз.
iTest алдын ала хабарлаусыз пайдаланудың осы шарттарын бұзғаны үшін кез келген пайдаланушының аккаунтын жоюға немесе пайдаланушының келісімінсіз контентке қолжетімділігін уақытша тоқтата тұруға құқығы бар. Егер сіздің аккаунт жойылса, онда iTest-ті қолдануға сіздің құқықтарыңыз да жойылады.
Сіз iTest порталын пайдалана отырып, пайдаланушы мен iTest арасындағы құқықтық қатынастар Қазақстан Республикасы заңнамасы аясында және пайдаланудың осы Шарттарымен реттелетініне келісіміңізді бересіз. Сіз жүйелі түрде Пайдалану шарттарын өзгерістер мен толықтыруларға тексеріп тұруға келісім бересіз. Біз пайдаланудың осы Шарттарына кез келген уақытта өзгерістер енгізуге құқығын өзімізде қалдырамыз. Сіздің iTest-ті одан әрі қолдануыңыз сіздің барлық өзгертілген шарттарды қабылдағаныңызды білдіреді. Егер сіз жаңа өзгерістермен келіспесеңіз, онда контентті және порталды ары пайдаланбаңыз. Біз осы Шарттар бойынша немесе заңмен белгіленген міндеттемелер бұзылмаған жағдайда сіздің тарапыңызда болған кез келген шығындар үшін жауапкершілік алмаймыз және бізге шығыныңызды өтеу міндеті жүктелмейді.