
iTest қолданбасын жүктеп алу
Мектеп емтихандарына ыңғайлырақ форматта дайындалыңыз
5-мәтін
Серуенге шыққанда М. Зверьев
Бірде Ілияс пен Зәуре серуендеуге шықты. Жақын маңда мал бағылатын. Екеуі солай беттеп келеді. Көп ұзамай-ақ жайылымға жетті. Кенет балалар күтпеген оқиғаның куәсі болды. Көз алдарында бір сұр қарсақ жанұшыра қашып барады.
– Анау аспандағы төмен шүйіліп келе жатқан не? – деп сұрады Зәуре.
– Бүркіт! – деді Ілияс.
Айтып ауыз жиып үлгергенше әлгі бүркіт қарсаққа құйылды. Бірақ ала алмады. Айлалы қарсақ қулығын асырып кетті. Бұл кезде ол жайылып жүрген сиырдың бірінің бауырына тығылып үлгерген еді. Бұған ыза болған бүркіт қайқаң етіп жоғары көтерілді.
Ілияс қарсақты құтқарып қалуға бел байлады. Ол дереу қарындасының басындағы орамалды алды да, тығылып жатқан қарсақтың үстіне жапты. Бұнысы бүркіттен жасырғаны еді. Арада көп уақыт өтпей-ақ қарсақты ауылға алып келді. Қарсақ балаларға қатты ұнады.
-
Мәтіндегі оқиғаның болған орны
-
Жайылымдағы жайылып жүрген мал
-
Қарсақтың жасырынған жері