Толық ҰБТ тапсыру
Қазақша

iTest қолданбасын жүктеп алу

Мектеп емтихандарына ыңғайлырақ форматта дайындалыңыз

4-мәтін

Конспект

Екі қолдың қайсысы кем (Төле бидің шешендік сөзі)

Жаңа жайлауға қоныстанған бір бай екі кедей жігітке құдық қаздырады. Құдық қазылып біткен соң, жігіттер байдан ақысын сұрайды. Бай олардың біреуіне саулық, екіншісіне қозы береді. Екінші жігіт оған наразы болады. Төле биге келіп шағым айтады. Төле байға құдық қазған екі адамның еңбегі бірдей екенін айтады. Бірақ құдық иесі өз дегенінен қайтпайды.

Сонда Төле:

– Адамның екі қолының, екі көзінің қайсысы кем? – дейді байға.

– Ешқайсысының кемдігі жоқ. Екеуі бірдей. Сөзіңізге жығылдым, биеке! Өкпелі жігітке қой берейін, – депті амалы құрыған бай.



Сұрақтар
  1. Екі жігіттің жасаған жұмыстары

  2. Дауға төрелік айтқан

  3. Мәтіннің негізгі ойы

Қате туралы хабарландыру