Толық ҰБТ тапсыру
Қазақша

iTest қолданбасын жүктеп алу

Мектеп емтихандарына ыңғайлырақ форматта дайындалыңыз

3-мәтін

Конспект

Құтқару (үзінді) Т. Сарыбайұлы

Шілденің шыжыған күні еді. Ауылдың бір топ балалары таяу жатқан Түрген өзеніне қарай улап-шулап жүгіріп келеді. Көйлектерін жолай шешіп, бұлғап-бұлғап қиқулайды. Тау өзенінің суы тастай. Оның үстіне жоғарыдан құлап аққан судың екпіні атанды жығардай алапат. Тым асау.

Өзді-өзінің шуылымен қаперсіз келіп жөңкілген суға әлжуаз Әлжан ә дегенде-ақ бір батып, бір шығып, қойтастарға қолы ілікпей, әбігерге түсті. Мұны аңғарған ересектеу Ернар дереу жағаға жүзіп шығып, көпірге қарай құйындай жөнелді. Ойы – осы маңнан тосып, құтқарып қалу. Ернардың артынан Жаппар, Жұмағұлдар да бір-бірінен қалыспай ентіккен қалыпта көпірге қаз-қатар тұра қалысты.

Әр жердегі қойтастарға бір соғылып, есінен айырылған Әлжанды үшеулеп жағаға шығарды.



Сұрақтар
  1. Мәтіндегі суға аққан бала

  2. Тау өзенінің ағысы

  3. Балалардың көпірге қарай жүгіру себебі

Қате туралы хабарландыру