Толық ҰБТ тапсыру
Қазақша

iTest қолданбасын жүктеп алу

Мектеп емтихандарына ыңғайлырақ форматта дайындалыңыз

2-мәтін

Конспект

Қараңғы түн. Ұрыс басталды. Әлия командирінен барлау жұмысына жіберуін өтінді. Әлияның тілегі орындалды. Ол бір топ жауынгермен дұшпан шебіне өтті. Жаудың минометі тұрған жерге жетті. Бірнеше граната лақтырды. Минометті жоқ қылды. Бір жау офицерін штабқа әкеліп тапсырды. Таң атты. Ұрыс қайта басталды. Жау шабуылға шықты. Жауынгерлер дұпшанның шабуылын тойтара берді. Гитлершілдер жеңе алмады. Олар шегінді.

Келесі күні біздің адамдар жаңа шабуылға шықты. Ұрыс қыза түсті. Жау өздерінің басты күштерін жіберді. Бір минаның сынығы Әлияның қолын жаралады. Әлия оны ескермеді. Жарасын өзі таңып алды да, жауға оқ жаудыра берді.



Сұрақтар
  1. Әлия барлауда қандай тапсырманы орындады?

  2. Мәтін қандай Әлия туралы?

  3. Ұрыс даласында минаның сынығы Әлияның қай жерін жаралады?

Қате туралы хабарландыру