
iTest қолданбасын жүктеп алу
Мектеп емтихандарына ыңғайлырақ форматта дайындалыңыз
1-мәтін
Қалың орманды аралап келе жатқан аю бал арасына кез болыпты. Ағаш басындағы бал арасына тамсанып, аузынан сілекейі шұбырып, жегісі келіпті. Аю ағаш басына өрмелеп, ұяға жақындағанда, ілініп тұрған ауыр бөрене оған кедергі жасапты. Балға ұмтылған ол бөренені итеріп жібереді. Ары серпілген ауыр бөрене өз салмағымен қайта оралып, аюдың басына сарт ете қалады. Қара күшке сенген ожар аю ашуланып, бөренені одан бетер қатты итереді. Өз салмағымен қайта оралған бөрене аюдың басына тағы да сарт етеді. Аюдың құлағы шыңылдап, басы айналады. Бұған ызаланған аю күшімен бөренені үшінші рет итеріп жібергенде, қайта оралған бөрене аюдың басын жаралап, ағаштан ұшырып түсіріпті.
-
Аюға балды жеуге не кедергі болды?
-
Аю балға қол жеткізу үшін қандай іс-әрекет жасау қажет еді?
-
Орманды аралап келе жатқан аю неге тап болды?