
iTest қолданбасын жүктеп алу
Мектеп емтихандарына ыңғайлырақ форматта дайындалыңыз
6-мәтін
Сүйінші Н. Қадырбаев
Ауыл шетіндегі үлкен үйде көп балалы отбасы тұрады. Бұл үйде алты ұл бар. Үлкені – Қайрат мал бағып кеткен. Кейінгі інілері Асылбек, Сапар, Ерлан, Қанат және Кенжебек үй жанындағы бақта. Бірі алма ағаштарының түбін қопсытады. Екіншісі табиғи шөптерді орақпен орады. Өзгелері үй іргесіндегі бес-алты қойға қарайды. Он шақты тауыққа жем шашады. Босқа қарап жүрген ешкім жоқ. Бәрі өз жұмыстарын жақсы біледі.
Осы үйдегі ұл балалардың арманы бар. Бәрінің басты ойы – бір қарындастары болса. Сонда олар оны алақандарына салып, аялар еді.
Балалы үйдің анасы биылғы жылы перзентханаға түсті. Перзентханаға ерте барған әкесі қуанышты оралды. Ұлдарға қарындасты болғанын айтты. Ұл балалардың бәрі де айқайлап, бір-бірімен құшақтаса кетті. Сәлден соң бәрі де үйден қуана шығып, үйдің арғы тұсында қой бағып жүрген Қайратқа қарай жүгіре жөнелді. Бәрі де жарыса шауып келеді. Ұлдар төңірекке естірте айқайлап, Қайраттан сүйінші сұрап келеді. Кеуделері қуанышқа толы бір үйдің балалары мәре-сәре болып, бір-бірін құттықтап жатты.
-
Көпбалалы отбасындағы ұл балалардың саны
-
Отбасындағы басты құндылықтардың бірі
-
Осы үйдегі ұл балалардың арманы