Толық ҰБТ тапсыру
Қазақша

iTest қолданбасын жүктеп алу

Мектеп емтихандарына ыңғайлырақ форматта дайындалыңыз

39-мәтін

Конспект

Үш дос

Көп пәтерлі үйдің ауласында у-шу. Кішкене-кішкене балалар ойыншықтарын алып шығып, асыр салып ойнайды да жатады. Бүгін де Айдар мен Әлемгер трамвайын әкеліп, ақаулы жерін жөндеп, біраз әуре болды. Бұлардың жанына Самат келді. Ол трамвайдың иесі Айдарға:

– Ойындарыңа мен де қосылайыншы, – деп өтінді. Айдар:

– Ойынға қоспаймыз, – деді бірден кесімін айтып. Сөйтіп Саматтың

бетін қайтарып тастады.

Самат біраз қарап тұрды да томсырайған күйі үйіне қарай беттеді.

Келесі күні Самат өрт сөндіретін қызыл машинасын алып шықты. Жанына Әлемгерді қосып алды. Әлемгер кіммен болмасын тату ойнайтын. Ойынның неше түрлісін тауып, қыздырып ала жөнелетін. Бұлар «өртке» су құйып, сөндіріп, баланы алып шығып, жедел-жәрдем көрсетіп, ойнап жүрді.

Осы кезде Айдар да аулаға шықты. Әлемгер Айдарға:

– Кел! Ойынға сен де аралас, – деді. Айдардың өзінің кешегі ісі есіне түсті.

– Самат мені ойынға қоса ма? – деп қипақтады.

– Кел, ойнай бер. Мен ойыншығымды қызғанатын сен сияқты емеспін. Өрт сөндіру үшін қолдың көп болғаны жақсы, – деп Самат Айдардың қолынан ұстап, ойынға өзі араластырды.

Айдар қиналып, екі беті қып-қызыл болып:

– Самат, кешегімді кешір, мен енді ойыншығымды қызғанбаймын, – деді.     

     Содан бері үшеуі тату ойнайтын болды.



Сұрақтар
  1. Мәтіндегі оқиға орны

  2. Ойынның неше түрлісін тауып, қыздырып ала жөнелетін, кіммен болса да тату ойнайтын бала

  3. Келесі күнгі балалардың ойнаған ойыны

Қате туралы хабарландыру