
iTest қолданбасын жүктеп алу
Мектеп емтихандарына ыңғайлырақ форматта дайындалыңыз
38-мәтін
Бір минут
Отбасы мүшелерінің барлығы жинақылықты, нақтылықты жақсы көреді. Тек Талғат қана ылғи кешігіп жүреді. Әке-шешесі дастарқанға шақырған кезде:
– Қазір, бір минуттан кейін барамын, – деп кітабын оқи беретін.
Бұл оның әдеттегі жауабы еді. Үнемі осылай болатын. Оны шақырғанда немесе бір нәрсені істеуді өтінген кезде ол: «Бір минут күте тұрыңызшы» деп тостырып қоятын.
Әкесі оған:
– Сен уақытты қадірлеуді қашан үйренесің? – дейтін.
– Бір минут деген көп уақыт па? – деп жауап беретін Талғат.
Бір күні мектепте шаңғы жарысы өтті. Талғат шаңғыны жақсы тебетін. Ол өзінің бірінші болып келетініне сенімді еді. Бірақ бұл жолы жеңімпаз бола алмады. Сыныптасы одан бір минутқа озып келді. Екінші орын алған Талғат үйге көңілсіз қайтты. Жеңіліп қалғанын айтқан кезде, әкесі жымиып:
– Қалай, балам, бір минут деген көп уақыт па екен? – деді.
-
Отбасы мүшелерінің ішіндегі кешігіп жүретін
-
Мектептегі өткен жарыстың түрі
-
Мәтіндегі негізгі ой