Толық ҰБТ тапсыру
Қазақша

iTest қолданбасын жүктеп алу

Мектеп емтихандарына ыңғайлырақ форматта дайындалыңыз

40-мәтін

Конспект

Атақты Әмір Темір өзінің жорыққа бара жатқан жолында қазіргі Түркістан жерін басып өтіпті. Маңайындағыларға әлденені айтып, бұрылып жүре бергенде, бас киімі жерге түсіп қалған екен, соны аламын деп иіле бергенде, «Япыр-ау, неге мұны иіліп өзім алдым. Өзім иілмей-ақ маңымдағылар әперер еді ғой. Өмірде иілмеген адам едім, сірә, мына төмпешікте сондай бір қадірлі, атақты данышпан, ғұлама біреудің жатқаны ғой, – деп ойлайды да, әскерін тоқтатып сол жерге түнейді».
Түнеп жатып түс көреді. Түсіне ғұлама кіріп: «Мен Қожа Ахмет Ясауи боламын, ғылымға қызмет еттім, – дейді. «Бірақ ескерусіз жатырмын. Егер сен маған белгі орнатпасаң, осы жолы жауыңнан жеңіліп қайтасың», – дейді.
Таңертең Темір молда шақырып, аят оқытып, елге уәдесін береді. Қайтып келіп, мазар орнатпақшы болады. Сөйтіп жауын жеңіп келіп, қазіргі Қожа Ахмет Ясауи кесенесін салған екен.



Сұрақтар
  1. Жорыққа бара жатқан Темірдің басып өткен жері

  2. Темірдің жерге иілу себебі

  3. Жауын жеңіп қайтқан Темір қандай құрылыс салғызады?

Қате туралы хабарландыру