
iTest қолданбасын жүктеп алу
Мектеп емтихандарына ыңғайлырақ форматта дайындалыңыз
35-мәтін
Маңдай тер
Хамит атасымен әңгімелескенді ұнатады. Балабек қария көп жыл бойы сушы болған. Қазір құрметті демалыста. Сонда да үйде отырғанын көрмейсің. Хамитті ертіп, үй жанындағы бақ ішінде жеміс егіп жүргені. Ешқашан шаршамайды.
– Ата, «маңдай тер» деген не? – деп сұрады бірде Хамит.
Атасы ойға шомды. Көзін бір нүктеге қадады. Әжімдері тереңдеді. Сонан соң Хамитті жетектеп, өзі көшет алып жүрген тоғайға келді. Қолына күрек ұстатты:
– Қане, екі-үш рет қазып ал!
Өзі шеткерірек барып, ағаш көлеңкесіне жайғасты. Хамит пора-пора болып терледі. Үйге келген соң да атасы жақ ашпады.
...Жылдар өтіп жатты. Көшеттер үлкен ағаш болды. Алма мен жүзім мол жеміс берді. Қоңыр күзде атасы Хамитті ертіп бақ ішіне келді. Қып-қызыл алманың біреуін үзіп қолына ұстатты. Сондай дәмді!..
– «Маңдай тер» деген осы, Хамитжан. Өзіңнің маңдай теріңнің жемісі!
-
Хамиттің атасынан білгісі келгені
-
Хамит пен атасының тоғайға келу себебі
-
Хамит «маңдай тер» сөзінің төркінін қашан түсінді?