
iTest қолданбасын жүктеп алу
Мектеп емтихандарына ыңғайлырақ форматта дайындалыңыз
34-мәтін
Табиғат
Біздің ауылды Қызылкесек деп атайды. Ауылды қақ жарып Боғас өзені өтеді. Лақтарын шұбыртқан еліктер мен арқарлар өзеннен су ішуге келетін. Оны көріп, біз де мәз-мейрам болушы едік.
Алатау етегінде неше түрлі гүлдер өсетін. Әсіресе сасыр айрықша еді. Кәдімгі Африкада өсетін пальмаға ұқсас. Қолшатыр сияқты басымызды күн сәулесінен, жаңбырдан қорғайтын. Бұл жерде түйетабан да бар. Түйетабанның тамырының ұзындығы 18 метрге жетеді. Мөлшермен айтқанда есік алдындағы кұдықтың тереңдігінен үш есе артық. Ал мұндай тереңдікте тіпті шөлді алқапта да жер асты сулары бар.
Кіп-кішкентай ауылдың осындай табиғат байлығы жыл өткен сайын жұтаңдап барады. Сол өкінішті.
-
Ауылдың атауы
-
Алатаудың етегінде өсетін ерекше гүлді өсімдік
-
Түйетабанның тамырының ұзындығы