Толық ҰБТ тапсыру
Қазақша

iTest қолданбасын жүктеп алу

Мектеп емтихандарына ыңғайлырақ форматта дайындалыңыз

36-мәтін

Конспект

Бірлік

Данияр мектептен келсе, үйдің алды омбы қар болып қалыпты. Ол тамағын ішіп, аздап демалды да, аулаға шықты. Қорадан қол шанасын алып, оған талдан тоқыған қорапты таңып бекітті. Қолына күрек алды. Ауланың қарын тазартуға кірісті. Қорапқа қар толтырып, шанамен сырғытып, оны алысқа апарып төгеді. Жалғыз өзі қанша қимылдаса да, ісі өнбеді.

– Данияр! Кел, мен саған көмектесейін, – деді көрші үйдегі досы Нариман. Нариман да қол шанасын сүйреп шығыпты.

– Содан кейін бірігіп біздің үйдің алдын тазалайық, жарай ма?

– Жарайды, – деді Данияр қуанып. Екеуі екі шанамен қар толтырып тасып, жұмысты тез аяқтады. Осыдан кейін Нариманның үйінің алдына келді. Бұлардың жанына көрші үйдегі Берік пен Серік келді. Төртеуі ойнап-күліп жүріп, қызу еңбекке кірісті. Олардың бұл істеріне үлкендер сүйсіне, қызыға қарайды.

– Алақай! Екі сағатта бәрін бітірдік! – деп айқайлады балалар. Осылайша, төрт дос күш қосып, төрт үйдің алдын лезде-ақ қардан тазалап шықты. Мұның аты – бірлік еді.



Сұрақтар
  1. Нариман мен Даниярға көмектесуге кімдер келді?

  2. Мәтін мазмұнына сай келетін мақал

  3. Қар шығаруға бірінші болып көмекке келген досы

Қате туралы хабарландыру