
iTest қолданбасын жүктеп алу
Мектеп емтихандарына ыңғайлырақ форматта дайындалыңыз
16-мәтін
Конспект
Атасы мен немересі орман ішімен келе жатты. Күн ыстық болатын. Олар мөлдір бұлақтың басына келіп тоқтады. Бұлақтан су ішіп, шөлдерін басты.
– Рақмет саған, мөлдір бұлақ, – деді атасы.
– Бұлаққа несіне рақмет айтасыз? Ол сіздің сөзіңізді естімейді, түсінбейді де ғой, – деді немересі күліп.
– Иә, солай, – деді атасы. – Егер бұлақтан жануарлар су ішсе, олар алғыс айтпас еді. Ал біз адамбыз. Сен адамдардың не үшін «рақмет» айтатынын білесің бе? – деді жай ғана.
Немересі ойланып қалды.
Сұрақтар
-
Атаның сұрағына сен қалай жауап берер едің? Адамдар не үшін «рақмет» айтады?
-
Мәтіннің тақырыбын анықта
-
Мәтіннің негізгі ойын анықта.
Қате туралы хабарландыру