Толық ҰБТ тапсыру
Қазақша

iTest қолданбасын жүктеп алу

Мектеп емтихандарына ыңғайлырақ форматта дайындалыңыз

15-мәтін

Конспект

Бір таған көгершіндердің дайын тамақты жеп, жылы орында тұратындарын көреді. Осы орынға қызыққан ол жүнін ақ бояумен бояп, көгершіндер тобына келіп қосылады. Көгершіндер болса оны өздерінің бір тұқымына ұқсатып, араларына кіргізеді. Түнде таған өзінің бөтен құстардың арасында екенін ұмытып, өзінше айғай салады. Сонда көгершіндер оның жат құс екенін біліп, шұқылап қуып жібереді. Бұдан кейін таған өзінің жолдастарына келіп қосылмақ болады. Жолдастары тағанның жүніне қарайды, ақ болған соң, танымай араларына кіргізбейді. Осы қалпымен көгершіндерге де қосылмай, өз жолдастарына да қосылмай, тағанның көрген күні қараң болады.



Сұрақтар
  1. Ақыр аяғында таған не істеді?

  2. Таған құс өз жолдастарына қосылуы үшін не істеу керек еді?

  3. Таған көгершіндермен дос болу үшін жүнін қандай түске бояп алды?

Қате туралы хабарландыру