Толық ҰБТ тапсыру
Қазақша

iTest қолданбасын жүктеп алу

Мектеп емтихандарына ыңғайлырақ форматта дайындалыңыз

14-мәтін

Конспект

Бауыржан

Тоған басында ойнап жүр едiк, бiр бала:

– Қараңдаршы, Қарақұл атаның үйiнде той болып жатыр, – дедi. Жалт қарадық. Қарақұл атаның үйiнiң жаны ығы-жығы. Ат айқаса байланып, машиналар тiзiлiп тұр.

– Кеттiк! – деп, киiмiмiздi жүгiре жолай киiп келемiз. Жол бойында үлкен кiсiлерден:

– Бауыржан келiптi! Бауыржанды көрейiк, – дегендi естiп қалдық. Аты аңызға айналған, кiтаптан оқыған батырды көргенше асықтық. Асығып келсек те үйге кiре алмадық. Үлкендер жол бермейдi, Қарақұл ата сыртқа шықты. Жүзi жайдары.

– Қарақтарым-ау, бiздiң Бауыржанды көрдiңдер ме? Тез ертiп келе қойыңдаршы.

Қарақұл атаның Бауыржаны төменгi ескi сарайда шымшық ұяларынан балапан алып жүр екен. Ойынды қимай, әзер келдi. Оған iлесiп iшке зып бердiм. Төрде қырандай қомданып, бурка жамылған бiр кiсi отыр. Айбатты, түсi суық.

– Батыр ағаңа сәлем бер, – дедi Қарақұл ата баласына. Өзi батырдың оң жағында отыр. Ол кiсi Бауыржанның батырлығын жыр қып айтатын. Батырдың қарамағында әскерi болдым дегенде, аузымызды ашып қалатынбыз. Батырды жақсы көретiнi сонша, кенже ұлының атын Бауыржан деп қойған. Ендi, мiне, ол батырдың қасында тұр.



Сұрақтар
  1. Тоған басында ойнап жүрген балалардың үй жаққа жүгіру себебі

  2. Төрде қырандай қомданып, бурка жамылған батырдың кейпі

  3. Қарақұл кенже баласының атын неліктен Бауыржан деп қойған?

Қате туралы хабарландыру