Толық ҰБТ тапсыру
Қазақша

iTest қолданбасын жүктеп алу

Мектеп емтихандарына ыңғайлырақ форматта дайындалыңыз

11-мәтін

Конспект

Әбілхан

Әке-шешеден ерте айырылған Әбілхан тіршіліктің тауқыметін көп тартты. Күндері қой соңында өтті. Жұрттың баласы хат танып, сабақ оқығанда, мұның қолынан бар келгені – күйемен тас бетіне немесе сұқ саусағымен құмға сурет салу болды. Болмаса қашау, пышағын ала жүріп, тас пен ағаштан мүсін жасау.

Әбілханның ағаштан жасаған мүсіндерін көрген Түргенбай дейтін қарт ұста:

– Мынауың біз білмеген өнер екен. Сурет салуға талабың бар екен. Оқуың керек шығар, балам, – деді. Жетім бала өзі машықтанып жүрген ісіне тұңғыш рет қолдау естіді. Бір сыныптық та білімі жоқ суретшінің өмір жолы осылай басталды. Талай-талай кедергілерге жолықты. Тек атақты суретші Н.Г. Хлудов өнер үйренуге талпынған бірінші қазақ жігітін қуана қарсы алды. Бос уақытында көркем сурет өнерінің әліппесін үйретті.



Сұрақтар
  1. Әбілханның сурет салудан басқа өнері

  2. Әбілханның ағаштан жасаған мүсіндерін көрген Түргенбай ұстаның сөзі

  3. Өнер үйренуге талпынған бірінші қазақ жігітін қуана қарсы алған адамдардың бірі

Қате туралы хабарландыру