
iTest қолданбасын жүктеп алу
Мектеп емтихандарына ыңғайлырақ форматта дайындалыңыз
12-мәтін
Ұмытшақ
Еңбек сабағынан мұғалiм қағаздан үйшiк жасап келудi тапсырған. Әлденеге тыпыршып, байыз таппай отырған Ақтай ғана. Кеше әкесiнiң көмегiмен жасаған үйшiгiн әлгiнде ғана, үзiлiске шығар алдында парта үстiне қойып кеткен сияқты едi. Ұшты-күйлi жоғалды. Аң-таң. «Мүмкiн емес, – дедi ол. – Кiм болса да бiреу алған». Сол сәт парталас Дариғамен бiрде ренжiсiп қалғаны есiне түстi. Иә, сол әдейi қастықпен жоғалтып жiбермесiне кiм кепiл?! Сыныпқа апай кiрдi. Аралап көре бастады. Кезек Ақтайға келдi.
– Сен ше? – дедi мұғалiм.
– Әкеп едiм... – деп күмiлжiдi. – Жоқ... жоғалтып алдым.
– Мүмкiн, ұмытып, үйде қалдырған шығарсың.
– Жоқ, әкелдiм. Қойдым мына жерге…
– Ендеше, кiм алады?
– Дариға... – дедi Ақтай бiрден. Оқушылардың назары ендi Дариғаға ауды.
– Мен алғам жоқ, – дедi ол жыламсырап.
– Осы... басқа ешкiм емес, – деп нығыздады Ақтай. Дариға жылап жiбердi.
– Жарайды, – дедi мұғалiм. – Кейiн анықтала жатар.
Дариға мектептен қайтқан соң да, жол бойы жылаумен болды. Оны ешкiм де жұбатпады. «Жыла, – дедi Ақтай iштей келекелеп, – Бiреудiң затын ұрлаған қалай болады екен?!».
Үйге келдi де, бiрден өз бөлмесiне ендi. Сөмкесiн қоя бергенде, терезе алдындағы өзiнiң кешегi үйшiгi көзiне түстi. Сенбей, ұстап та көрдi. Дәл өзi. Бетiнен оты шықты. Дариғаға жөнсiз жала жауып, қатты ренжiткенiне өкiндi.
Ақтай үйден шыға сала жүгiре жөнелдi. Дариғадан кешiрiм сұрауы керек қой.
-
Ақтайдың әкесінің көмегімен жасаған заты
-
Ақтайдың жоғалған затты Дариғадан көру себебі
-
Ақтайдың бойындағы қасиет