Толық ҰБТ тапсыру
Қазақша

iTest қолданбасын жүктеп алу

Мектеп емтихандарына ыңғайлырақ форматта дайындалыңыз

10-мәтін

Конспект

Байлық

Бұрынғы өткен заманда бір дана кісі қайтыс боларының алдында жалғыз қалып бара жатқан баласына: «Шырағым, жер астына көмген көп қазынам бар, соны қазып алсаң, қарның аш болмас, киімсіз болмассың» – депті.

Әкесі қайтыс болған соң, жетім қалған баласы үйдің айналасындағы жерді ертеңді-кеш қазып, көп машақаттанады. Бірақ әкесі айтқан қазынаны таба алмайды.

Ол шаршап, шалдығып, ақырында көпті көрген бір данышпан қарияға келеді. Әкесінің айтқан өсиетін айтып, өзінің көп әуре болғанын баяндайды. Енді не қылсам екен дейді:

– Балам, сен әкеңнің өсиетін түсінбеген екенсің. Әкең саған мирасқа жер қалдырыпты. Сол жерді күшің жеткенше күтіп, егін егіп, еңбек етсең, өнімін төкпей-шашпай уақытында жиып алсаң, сонда сен байлықтың астында қаласың. Аш та, жалаңаш та болмайсың. Байлық жерде, еңбекте, – депті қария.

Бала әкесінің айтқан өсиетін сол кезде ғана түсініп, оны орындауға кіріскен екен.

 



Сұрақтар
  1. Дана кісінің баласына қалдырғаны

  2. Көпті көрген данышпан қария байлықты

  3. Әкесінің айтқан өсиетін енді ғана түсінген бала

Қате туралы хабарландыру