Толық ҰБТ тапсыру
Қазақша

iTest қолданбасын жүктеп алу

Мектеп емтихандарына ыңғайлырақ форматта дайындалыңыз

Ұлы Жібек жолы. Ұлы Жібек жолының тармақтары және Қазақстандағы сілемі

Конспект

Жетісу жері – керуен жолының Шығысқа шығатын негізгі қақпасы. Шығысқа шығатын жолдың басты бір бағыты оңтүстік-батыс Жетісу жерінен өтеді. Тараздан шығып, Сарқан жері арқылы солтүстік-шығыс Қазақстанға баратын үшінші бағытпен атақты елші, саяхатшы Рубрук Монғолияға, Мөңке ханға барып қайтқан. Отырар қаласы керуен жолдары торабында орналасқан. Сығанақтан Ақсүмбе қаласы арқылы Орталық Қазақстанға қарай бір тармақ шықты.

Монғол шапқыншылығына байланысты сауда қарқыны бәсеңдеді. Жол бойындағы қалалар әлеуметтік-экономикалық өзгеріске түсе бастады. Кейбір қалалар қаңырап бос қалған. Ал 17 ғасырдан бастап теңіз жолдары ашылып, Ұлы Жібек жолының қатынасы әлсірей бастады. 18 ғасырдың екінші жартысынан бастап Қазақстан негізінен солтүстік жағында Ресеймен, ал оңтүстік жағында Қытаймен сауда байланыстарын жүргізе бастаған.



Сұрақтар
  1. Сауда қарқынын бәсеңдеткен жағдай

  2. Сығанақтан Ақсүмбе арқылы шыққан тармақ бағытталды

  3. Керуен жолдары торабында орналасқан қала

  4. Моңғолияға, Мөңке ханға барып қайтқан саяхатшы

  5. Керуен жолының Шығысқа шығатын негізгі қақпасы

  6. Испиджаб қаласына жеткен Ұлы Жібек жолының тармағы бөлінді

  7. Васидж қаласынан шыққан жол Сырдың жоғары жағымен жетті

  8. Византиялық күміс құмыралар табылды

  9. Отырардан шыққан жолдың біріншісі Отырарға барса, екіншісі

  10. Ұлы Жібек жолының батысқа шығатын негізгі қақпасы болды

Қате туралы хабарландыру