iTest қолданбасын жүктеп алу
Мектеп емтихандарына ыңғайлырақ форматта дайындалыңыз
4 тарау. 9 ғасырдың екінші жартысы – 13 ғасырдың басындағы Қазақстан мәдениеті. Қалалық мәдениеттің дамуы
Ерте орта ғасырға (6-9 ғ.) қарағанда дамыған орта ғасырда (10-12 ғ.) отырықшылық мәдениет өркендеп, қалалар саны көбейген. Оңтүстік Қазақстанда, кейінгі зерттеулер бойынша, қала саны 37-ге жеткен. Оңтүстік Қазақстанда қалалардың топтаса орналасқан жері – Арыс өзенінің Сырдарияға қосылатын тұсындағы сағалары. Сырдың орта ағысында Сүткент, төменгі ағысында Сығанақ, Жанкент, Аснас, Жент, Баршынкент қалалары болған.
Қалалық отырықшылық мәдениет Жетісу аймағында да дамыды. Оңтүстік-батыс Жетісу аймағынан (орталығы – Тараз) 36 қала орны табылды. Солтүстік- шығыс Жетісудан 70 қала жұрты ашылды.
Ортағасырлық қалалар көлемі мен экономикалық жағы бойынша өсіп отырған. Олар 3 топқа бөлінді. Бірінші топқа көлемі 30 гектардан асатын қалалар жатады. Екінші топқа 10 гектардан 30 гектарға дейінгі қалалар кіреді. Үшінші топқа көлемі 10 гектарға жетпейтін қалалар жатады. 10-12 ғасырлардағы қалалар дамуының ерекшелігі – отырықшылық мәдениеттің Қазақстанның орталық және шығыс аймақтарына қарай тарала бастауы. Дамыған ортағасырлық қалаларға Отырар, Тараз, Талғар, Баба-Ата, Құйрықтөбе жатады. 10-12 ғасырлардағы қала құрылысындағы басты жаңалық – мешіттер мен шығыс моншаларының салынуы. 10 ғасырдағы тұрақ-жайларда бөлме саны көбейе бастаған.
-
Қалалар көлемі жағынан бөлінді
-
Солтүстік-шығыс Жетісудан табылған қала саны
-
Қарнақ, Шур қалалары орналасқан аймақ
-
Сырдың орта ағысында орналасқан қала
-
Оңтүстік Қазақстандағы қалалардың топтаса орналасқан жері
-
Оңтүстік Қазақстандағы қала орындарының саны
-
Екі шығыс моншасы табылған қала
-
Отырардың солтүстік-шығысынан табылды
-
Орталық және Шығыс Қазақстан аймақтарында отырықшылық мәдениеттің тарала бастаған кезі
-
Үшінші топқа кіретін қалалар
-
Бірінші топқа жататын қалалар
-
Құйрықтөбе қаласынан табылған үй
-
Тұрақ-жайларда бөлме саны көбейе бастады
-
Ортасы аула ретінде пайдаланылатын тұрғын үйлер салынған аймақ
-
Қазіргі канализацияның қарапайым түрі
-
Өсімдік тәрізді және геометриялық өрнектермен безендірілді
-
ХІ–ХІІ ғасырға жататын «қоржын үй» табылды
-
Ұлытау етегінде орналасқан Х–ХІІ ғасырларға жататын қалалар
-
Сығанақ қаласы Қазақстанның қай аймағында орналасқан
-
Сырдарияның орта алқабындағы қазіргі Темір теміржол стансасынан солтүстік-батысқа қарай 7 км жерде орналасқан көне қала
-
Бұл қала жайында Земарх, әл-Макдиси, Сюань-Цзан тарихи деректер қалдырды
-
Ортағасырлық қалалардың құрылыс жүйелері негізінен үш бөліктен тұрады
-
X–XII ғғ. Қазақстан жеріндегі ең ірі қалалар