Толық ҰБТ тапсыру
Қазақша

iTest қолданбасын жүктеп алу

Мектеп емтихандарына ыңғайлырақ форматта дайындалыңыз

9 - 12 ғасырлардағы қолөнер, сауда және шаруашылықтың дамуы

Конспект

Ортағасырлық қалалардың көбеюі тұтыну бұйымдарын көп өндіруді талап етті. Сондықтан қалаларда шеберханалар көбейе бастады. Қыш құмыра жасайтын шеберханалар Отырар, Құйрықтөбе, Талғар, Тараздан табылды. Құмыралардың іші-сырты жылтырап тұратын түрлі-түсті әйнек тәрізді сырмен сырланған. Бұл ыдыстардың сырлары жер астында қанша уақыт жатса да, өшпей, химиялық өзгеріске ұшырамай сол алғашқы түсін сақтап қалған. Қыш құмырашылардың қолы жеткен жетістіктерінің бірі – шыны бұйымдар жасау. 10 ғасырға жататын шыны ыдыстар Отырар, Тараз, Йасы қалаларынан табылған.

Зергерлік кәсіп ұсталықтағы шеберліктің жетістігі деп есептеледі. Отырар, Тараз, Талғардан күміс білезік, алтын сырға, сақина, алқалар табылған. Орта ғасыр қолөнерінде дамыған кәсіптің бірі – сүйек ұқсату. Cүйектен жасалған бұйымдардың ішінде көбірек кездесетіні – мүйізден жасалған әшекейлер.

Испиджаб, Отырар, Фараб қалаларында ақша шығаратын сарайлар болған. Алайда 10-12 ғасырларда айырбас саудасы басым болған. 10-12 ғасырлардағы сауда қалалық отырықшылық мәдениеттің дамығандығын білдіретін басты көрсеткіш болды. Ол қалалар арасындағы сауда байланысымен бірге, далалық аймақтар тұрғындарының саудаға араласуын, қала мен даланың байланысын да күшейтті. Егіншіліктің дамуы қала санының және тұрғындарының өсуіне байланысты болды. Қала маңындағы егін егуге қажетті жерлер кең түрде игеріле бастады.



Сұрақтар
  1. Шу аңғарындағы өңделетін жер көлемі

  2. Қалалық отырықшылық мәдениеттің дамығандығын білдіретін басты көрсеткіш

  3. Таразда ешкі түбіттерімен айырбас сауда болғандығын жазды

  4. Хорезм шахы Мұхаммед Текеш теңге соқтырған жыл

  5. Сүйек түйреуіштер, шахмат тастары табылды

  6. Ұсталықтағы шеберліктің жетістігі

  7. Шыны ыдыстарды жасау тәсілі

  8. Қыш құмырашылардың жетістіктері

  9. Жетісудан табылған құмыралардың түр-пішіні

  10. Сыры өшпеген қыш құмыралар табылған қала

Қате туралы хабарландыру