iTest қолданбасын жүктеп алу
Мектеп емтихандарына ыңғайлырақ форматта дайындалыңыз
Сәулет өнері мен құрылыстың дамуы
Сәндік қолданбалы өнер орта ғасырдың дамыған кезінде өркендей бастаған. 11-12 ғасырларда ғимараттарды өрнектеп, сәндеу ісінде оюланған кірпіштер – терракота кеңінен қолданылды. Керамикаға оюлап жануарлардың бейнесін салу орын ала бастаған. 10-12 ғасырларда сәулетті ірі құрылыстар салына бастаған. Бұл құрылыс жүйелерінің салынуына ислам дінінің нығая бастауы себеп болды. Бұл кездегі ғимараттар – мешіттер, кесенелер, мазарлар, моншалар. 10 ғасырдағы араб-парсы деректерінде Оңтүстік Қазақстан мен Жетісуда мешіттер болғандығы айтылған. Тараз қаласының батыс жағында, 18 км жерде Бабаджа-қатын, Айша-бибі кесенелері орналасқан. Бұл екі кесене – алғашқы құрылыс жүйесін сақтаған ескерткіштер. Отырар моншасының жобалануы Орта Азияның, Кавказдың, Таяу және Орта Шығыстың моншаларына ұқсас болып келеді. Тараз қаласынан екі монша табылған. Түркістан қаласында Қожа Ахмет Йассауи кесенесінің жанында шығыс моншасы салынған. Сонымен, орта ғасырдың дамыған кезінде архитектуралық сәнділігімен ерекшеленетін құрылыстар – шығыс моншалары болып табылады.
-
Қазіргі кезде мұражайға айналған шығыс моншасы орналасқан қала
-
Тараз моншасындағы бөлмелер саны
-
Жобалануы жағынан Орта Азияның, Кавказдың моншаларына ұқсас монша
-
Айша бибі кесенесінің күйдірілген кірпіштен қаланып, сақталған бөлігі
-
Бабажа хатун кесенесі салынған мерзім
-
Бабажа хатун, Айша бибі кесенелері орналасқан жер
-
Құйрықтөбе қаласынан табылды
-
Жетісу халқы жаппай мұсылмандыққа көше бастаған кезде салынған мешіт
-
Х ғасырда Оңтүстік Қазақстан мен Жетісуда мешіттердің болғандығы туралы жазылған дерек
-
Сәулетті ірі құрылыстар салына бастаған кезең
-
Арыстан бейнесі салынған терракота табылды
-
Ғимараттарды өрнектеуде қолданылатын оюланған кірпіштер
-
Төменарық кентінің солтүстік-батысында 8 шақырым жерде орналасқан
-
Қ.А. Ясауи ғимаратының қасында орналасқан Рабиға Сұлтан Бегім кесенесі кімнің ұрпағына арнап салынған
-
Алаша хан кесенесі Қазақстанның қай аймағында орналасқан?
-
Жамбыл қаласының батыс жағында, 18 км жерде орналасқан кесенелер
-
X–XII ғасырларда сәулетті ірі құрылыстар салына бастаған