iTest қолданбасын жүктеп алу
Мектеп емтихандарына ыңғайлырақ форматта дайындалыңыз
Дін және мәдениет. Исламның таралуы
Қазақстанның оңтүстігіндегі және Жетісуда жүргізілген зерттеу жұмыстары қала тұрғындарының арасында әр түрлі діни наным-cенімдердің болғандығын білдіреді. Сырдария аймағында қойға табыну салты өріс алған. Ортағасырлық қалаларда отқа табыну әдеті кең таралған. Құйрықтөбе мен Отырардағы үйлердің ошақтары ерекше безендірілген. Жетісу аймағында ертедегі діни сенім дәстүрлері кең тараған. Тәңірге жалбарынудың белгісі, христиандықтың белгілері табылған.
Ислам діні Орта Азия мен Қазақстанға арабтардың жаулап алуынан бастап ене бастады. Әл-Макдиси өз деректерінде, 10 ғасырда Оңтүстік Қазақстан мен Жетісудың қалаларында мешіттердің көптеп салына бастағанын жазған. Құйрықтөбе қала жұртындағы зираттарды зерттегенде адамдардың мұсылманша жерленгендігі анықталды. Адамның басы құбылаға қаратылып, жанына ешбір зат қоймай жерленген. 12 ғасырдың екінші жартысында қыпшақ ақсүйектерінің Хорезммен жақындасуына байланысты қыпшақтар арасына ислам діні кең түрде ене бастады. Қыпшақтардың орталығы Сығанақ қаласында мешіт, медреселер салынды. Ислам дінінің нығаюы қазақ жерінде ғылым мен білім салаларының дамуына да ықпал етті.
-
Қыпшақтар арасына ислам дінінің кең түрде ене бастаған мерзімі
-
Мұсылман дәстүрімен жерленген зират табылды
-
Жұма мешіті орналасты
-
Оңтүстік Қазақстан мен Жетісуда мешіттердің көптеп салына бастағанын жазды
-
Насыр ибн Сейяр Қазақстанның оңтүстігіне басып кірді
-
Арабтардың 714 жылы басып алған қаласы
-
Араб қолбасшысы Кутейба ибн Муслим Бұхараны алды
-
Ертедегі діни дәстүрлер кең тараған аймақ
-
Отқа май тамызу рәсімі жасалады
-
ХІ–ХІІ ғасырлардағы отқа табыну белгісі
-
Оғыздар қорғаушысы ретінде табынды
-
VIII ғасырда Орта Азия мен Қазақстанға арабтардың жорықтарын басқарған (-дар)
-
751 жылы Атлах қаласының түбінде қытайларға қарсы қарлұқтар бірігіп соғысқан