Толық ҰБТ тапсыру
Қазақша

iTest қолданбасын жүктеп алу

Мектеп емтихандарына ыңғайлырақ форматта дайындалыңыз

Ғылым мен білімнің дамуы

Конспект

10 ғасырдан бастап Оңтүстік Қазақстанда ислам діні кең түрде дами бастады. Әдеби және ғылыми шығармалар араб тілінде жазылды. Шығыстың көрнекті ғалымы Әбу Наср әл-Фараби де шығармаларын араб тілінде жазған. Ол дүние жүзіне Аристотель сынды ғұлама ғалым ретінде танылды. Фараб өлкесінен шыққан ондаған Фарабилердің еңбектері мен есімдері белгілі. 12 ғасырда өмір сүрген ғалымдар қатарына Исхақ әл-Фараби, Жаухари әл-Фараби, Ахмад әл-Фараби жатады. Энциклопедист-ғалым әл-Бируни тарих, математика, география, астрономия, медицина секілді ғылым салаларынан 150-ден астам еңбек жазып қалдырған. Махмуд Қашғаридің үш кітаптан тұратын “Түрік тілдерінің сөздігі” (“Диуани луғат ат-түрк”) еңбегі – түрік тайпалары сөздерінің жиынтығы. Бұл кітаптан бүгінгі ғалымдар түріктердің мекендерінің аты, тарихы, этнографиясы, ауыз әдебиеті жайлы көптеген мағлұматтар алады. Жүсіп Баласағұнидің – “Құтадғу білік” еңбегі алғаш рет түрік тілінде жазылған кітап. Ғалымның “Құт негізі-білік” (“Құтадғу білік”) еңбегінде философия, астрономия, алгебра ғылымдарына тоқталуы оның жан-жақты, білікті адам екендігін көрсетеді. Ахмет Иүгнекидің бізге жеткен еңбегі – “Ақиқат сыйы”. Бұл шығарма халықты инабатты болуға, адал өмір сүруге, арамдықтан аулақ болуға шақырады. Қожа Ахмет Йассауиден қалған мұра – “Даналық кітабы” (“Диуани хикмет”) болып табылады. Бұл еңбек адалдыққа, имандылыққа, даналыққа шақырады. Сонымен бірге, Аллаға адал болуға баулиды, дін жолында таза болуға үгіттейді. Ахмет Йассауидің шәкірттерінің бірі – ғұлама ақын Сүлеймен Бақырғани. Әли ақынның “Жүсіп-Зылиха” атты поэмасы махабаттағы адалдықты жырлаған. 10-12 ғасырларда Қазақстан жерін мекендеген түрік тілдес халықтар арасында ғылыми, әдеби шығармалар жазылып, рухани мәдениеттің дамуы алға басқан.



Сұрақтар
  1. Ясауидың шәкірті, ғұлама ақын

  2. «Даналық кітабын» жазған

  3. Ахмет Ясауиге діни білім берген ұстазы

  4. Ахмет Ясауидың туған қаласы

  5. Ахмет Иүгнекиге берілген баға

  6. Ахмет Иүгнекидің еңбегі

  7. Қарахандықтардың даңқы шыққан ақыны

  8. Жазба әдебиет қалыптаса бастаған кез

  9. 1021–1075 жылдар аралығында өмір сүрген ғұлама

  10. Баласағұни «Құтадғу білік» еңбегін сыйға тартты

  11. Түркітілдес тайпалардың бір-біріне жақындығын зерттеген ғалым

  12. Алғаш рет түрік тілінде жазылған еңбек

  13. Қашқариді «түрік тілдерін салыстыра зерттеушілердің көшбасшысы» деп атаған ғалым

  14. Махмұт Қашқаридің еңбегі

  15. Денелердің жерге тартылыс күшін алғаш тапқан ғалым

  16. «Асыл тастар» еңбегін жазған энциклопедист-ғалым

  17. Исхақ әл-Фараби өмір сүрді

  18. Әл-Фарабидің терең игерген ғылым саласы

  19. Әл-Фараби өмір сүрді

  20. Х ғасырдан бастап әдеби және ғылыми шығармалар жазылды

  21. ХІІІ ғасырда махабаттағы адалдықты жырлаған поэма

  22. Бұхара қаласында А. Ясауиге діни білім алуына көмектескен ғұлама

  23. Әбу Насыр әл-Фарабидің шығармалары

  24. Әбу Райхан әл-Бируни шығармалары

Қате туралы хабарландыру