Толық ҰБТ тапсыру
Қазақша

iTest қолданбасын жүктеп алу

Мектеп емтихандарына ыңғайлырақ форматта дайындалыңыз

5 тарау. 13-15 ғасырдың бірінші жартысындағы Қазақстан. Монғолдардың Қазақстан жерін жаулап алуы

Конспект

1206 жылы көшпелі шонжарлардың құрылтайында Монғол империясы құрылды. Ұлы хан болып Шыңғысхан (Темүжін) сайланды. Монғол мемлекеті 95 түмен әкімшілік билікке бөлінді. Әскери аумағы жағынан мемлекет үш әскери әкімшілік аймақтан тұрды. Олар – барунгар (оң қанат), жоңғар (сол қанат) және кул (орталық қанат). Мемлекеттің басты заңы “Жасақ” деп аталды. Оның бірінші бөлімінде Шыңғысханның нақыл сөздері мен ел басқарудағы шешімдері болған. Екінші бөлім әскери, азаматтық істерді орындаудағы жалпы заңдар мен жазалау ережелерінен құралды. “Жасақ” бойынша өкімет билігінің жоғарғы органы құрылтай болды.

1207-1208 жылдары Жошы Енисей қырғыздары мен Сібір халықтарын жаулап алды. Ал 1207-1209 жылдары Шыңғысхан таңғұттарды, Тұрфан кінәздігін, ұйғырларды бағындырды. 1211-1215 жылдар арасында Шыңғысхан Қытай жерін басып алды. 1217 жылы Шыңғысхан Күшліктің Жетісудағы иеліктерін басып алуға Жебе ноянды аттандырды. Монғолдар 1218 жылы Жетісу жеріне енді. Шығыс Түркістан мен Жетісуды басып алғаннан кейін Қазақстанның оңтүстігі мен Орта Азияға жол ашылды. Оның басты себебі “Отырар опаты” болған. 1219-1220 жылдары Сыр бойындағы қалалар толығымен монғолдардың иелігіне көшті. Жетісу аймағында монғол шапқыншылығына дейін 200-ден астам елді мекен болған. Ал 13-14 ғасырларда 20-ға жуық қала қалған. Монғол шапқыншылығы қалалық мәдениеттің дамуына үлкен кедергі болды. Ең бастысы, халықтардың этникалық құрамы мүлдем бұзылды. Қазақ халқы қалыптасуының аяқталуы ұзақ жылға кешеуілдеді. Шыңғысхан жаулап алған жерлерін төрт баласына бөліп берді. Қазақстан жерінде Жошы, Шағатай, Үгедей ұлыстары пайда болды. Төле Монғолия жерін биледі.



Сұрақтар
  1. Қазақстанның оңтүстігі мен Орта Азияға жол ашудағы басты себеп

  2. Отырарды қоршауға алды

  3. Отырар қаласы моңғолдарға қарсылық көрсетті

  4. Жошы бастаған әскерлер аттанды

  5. Сыр бойындағы қалалар моңғолдардың иелігіне көшті

  6. Жетісу аймағындағы моңғол шапқыншылығынан кейінгі қала саны

  7. Қазақ халқы қалыптасуының аяқталуын ұзақ жылға кешеуілдеткен жағдай

  8. Жошы ұлысының аумағы

  9. Қазақстан жеріндегі моңғол ұлыстары

  10. Құрамына Оңтүстік және Оңтүстік-шығыс Қазақстан аумағы кірген ұлыс

  11. Үгедей ұлысының аумағы

  12. Ұлы хан Мөңке қайтыс болды

  13. Моңғолдардың Жетісуға енген жылы

  14. 1217 жылы Жетісуды басып алуға аттанды

  15. Шыңғысхан Қытай жерін басып алды

  16. Енисей қырғыздары мен Сібір халықтарын жаулады

  17. Өкімет билігінің жоғарғы органы

  18. Мемлекеттің басты заңы

  19. Ханның жеке басын қорғайтын жасауыл

  20. Моңғолияның әскери-әкімшілік аймақтары

  21. Моңғол мемлекетінің әкімшілік билігі

  22. Шыңғысханның туған жылы

  23. Моңғол империясы құрылған мерзім

  24. Ұрыс хан өз атынан Сығанақта теңге соқтырған

  25. Бұл ереже бойынша өкімет билігінің жоғарғы органы құрылтай болды

  26. Қыпшақтар мен Хорезм мемлекетінің Сыр бойындағы қалалар үшін күресі тоқтатылды

  27. Хорезм шахы Мұхамед Текеш Отырар қаласында қай жылдары теңге соқтырған?

  28. Тимучиннің (Шыңғысхан) ел билеген жылдары

  29. Қазақстан аумағы Шыңғысханның қай ұлдарының ұлыстарына кірді?

  30. 1211–1215 жж. моңғолдар басып алған жері (-лері)

  31. Әскери басқару жағынан Моңғолия аумағы мен халқы үш әскери әкімшілік аймаққа бөлінді

Қате туралы хабарландыру