iTest қолданбасын жүктеп алу
Мектеп емтихандарына ыңғайлырақ форматта дайындалыңыз
3 тарау. Ұлы Жібек жолы. Ұлы Жібек жолының қалыптасуы және тарихи маңызы
Жібек жолы Хуанхэ өзені аймағынан басталып, Ұлы Қытай қорғанының батысынан өтіп, Іле өзенімен Ыстықкөлге жетті. Жол осы арада оңтүстік және солтүстік бағыттарға тармақталды.
Б.з.б. 1 ғасырдың ортасында алғаш рет Қытайдан Батыстағы елдерге қарай жібек артқан керуендер шыққан. 6 ғасыр – жібектің бүкіл Еуразияға әйгілі болған кезеңі. Жібек өндіру б.з. алғашқы кезінде Византия, Соғды елдерінде игеріле бастаған. Соғды елі жібек сатуда Қытаймен бәсекеге түскен. Қытайдың кейбір қалаларында соғдылықтардың сауда орындары болған. Жапонияның ертедегі астанасы Наргада да жібек сататын орындар болған. Нарга қаласындағы ғибадатханада осы уақытқа дейін соғды тілінде жазылған қолжазба сақтаулы тұр.
Византия шеберлері жасаған күміс құмыралар Тараз қаласынан табылды. Қытайдың фарфор ыдыстары Талғар, Испиджаб, Отырар қалаларынан табылды. Тараз, Баласағұн, Испиджаб қалаларынан әр түрлі діни нанымдарға байланысты мешіт-медреселердің орындары табылды. Б.з.б. 2 ғасырдың ортасында Жібек жолы халықаралық қатынас жағынан жандана бастады.
-
Түрік қағанаты мен Византия арасындағы сауда келісімі жасалды
-
Патшалар үшін бағалы сыйлық болды
-
Жібек жолының халықаралық қатынас жағынан жандана бастаған кезі
-
Мешіт-медресе орындары табылған жер
-
Талғар мен Отырардан табылған бұйымдар
-
Bизантия құмыралары табылған қала
-
Жібек сататын сауда орындары болған Жапония қаласы
-
Жібек сатуда Қытаймен бәсекеге түскен ел
-
Б.з. алғашқы кезінде жібек өндіру игеріле бастаған елдер
-
VI ғасырда жібек матасы белгілі болған елдер
-
Үйсіндердің Қытаймен қарым-қатынаста болған уақыты
-
Ұлы Жібек жолының солтүстік бағытының тармақтары
-
Жібек жолының Қытайдан басталып, Ыстықкөлге жеткен бағыты
-
Жібек жолының басы
-
Алғаш рет Қытай елінен Батыстағы елдерге қарай жібек артқан керуендер жолға шыққан