iTest қолданбасын жүктеп алу
Мектеп емтихандарына ыңғайлырақ форматта дайындалыңыз
Қыпшақ хандығы
Қыпшақ хандығы 11 ғасырда құрылды. Сыртқы жауларының соққысынан құлаған Қимақ қағанатының жері Қыпшақ хандығына көшті. Алтайдан Еділге дейінгі аралық “Қыпшақтар даласы” (Дешті Қыпшақ) деп аталған. Қыпшақтардың этникалық құрамы 7-8 ғасырларда қалыптаса бастап, екі бөліктен тұрған. Батыс бірлестігінде 11 тайпа, ал шығыс бірлестігінде 16 тайпа болған. Ең беделдісі – елбөрілер (бөрілер). Қыпшақ хандары осы тайпадан шығып отырған. Тарихшы Жүзжани елбөрілерді хандар әулетінің тайпасы деп атаған. Әскери басқару жүйесі оң және сол қанат болып бөлінді. Күші мен беделі басым оң қанаттың ордасы – Сарайшық (Жайық өзені бойы), ал сол қанаттың орталығы – Сығанақ (Сырдария өзені) қаласы болды. Хандық биліктің орталығы “орда” деп аталды.
Махмуд Қашғари қыпшақ тілінде құлды “яланкуг” деп атаған. Ал кедейлердің ішінде жер өңдеумен айналысатын жатақтар болған.
Ресей жеріне барып орналасқан қыпшақтар орыс деректерінде “половшылар” (далалықтар) деп аталды. Дунай бойына қоныстанған қыпшақтарды венгрлер “кундар” немесе “командар” деп атаған.
Хорезм шахының мұрагері Атсыз қыпшақтардың қол астындағы оғыздар жеріне бірнеше рет шабуылдаған. 1133 жылы қыпшақтар олардан жеңіліп қалды. Осы жеңілістен кейін қыпшақтар екіге бөлініп, әлсірей бастады. Хорезмдіктер қыпшақтардың ішкі қайшылықтарын пайдалануды көздейді. 13 ғасырдың басында Сыр бойындағы қалалар үшін Хорезм шахы Мұхаммед пен Қыпшақ хандығы арасында шайқастар болды. Қыпшақтар өз ішіндегі алауыздықтың кесірінен жеңіліп, солтүстікке қарай шегінді. Бұл екі ел үшін Отырар, Сығанақ, Арал теңізінің аумағы ұзақ жылдар бойы қақтығыс көзіне айналды. Билік үшін бәсеке, тек монғолдар екі елді де жаулап алғаннан кейін біржола тынды. 13 ғасырдың басында Қыпшақ хандығы құлағанымен, оның халқы мүлдем жойылып кеткен жоқ. Қыпшақтар қазақ халқының басты этникалық құрамының біріне айналды.
-
Қыпшақ хандығының өмір сүрген мерзімі
-
Қыпшақтардың тары мен күрішті көп өсіретіндігін жазған
-
Қыпшақ жылқылары сатылатын
-
Арба үстіне тігілген үйлер туралы жазған саяхатшы
-
Қыпшақтарда тамақтың негізгі түрі жасалды
-
Қыпшақтарда малдың көптігі туралы жазды
-
Хорезмдіктер мен қыпшақтар арасындағы қақтығыстың нәтижесі
-
ХІІІ ғасырда хорезмдіктер мен қыпшақтардың соғысу себептері
-
Хорезм шахы Текештің Сығанақты жаулап алған жылы
-
Қыпшақтардың қол астындағы оғыздарға шабуылдаған Хорезм шахы
-
Орыс деректеріндегі Ресей жеріндегі қыпшақтардың атауы
-
Қыпшақтар оғыздарды жеңіп, шегарасын кеңейтті
-
Қыпшақ тіліндегі құлдың атауы
-
Қыпшақтарда әскери басқару жүйесі бөлінді
-
«Қаңлылар қыпшақша сөйлейді екен» деп жазған
-
Қыпшақтардың құрамына қарлұқ пен жікіл тайпаларының кірген кезі
-
Қыпшақтардың ең беделді тайпасы
-
Қыпшақтардың этникалық құрамы қалыптаса бастаған кез
-
Қыпшақтардың қыстаған жерлері
-
Қыпшақ хандығы құрылған мерзім
-
VIII–IX ғасырлардағы авторлардың еңбектерінде Қыпшақтардың атаулары
-
Қыпшақтардың орыс деректерінде атауы (-лары)
-
Қыпшақтардың Еуропадағы атауы (-лары)