Толық ҰБТ тапсыру
Қазақша

iTest қолданбасын жүктеп алу

Мектеп емтихандарына ыңғайлырақ форматта дайындалыңыз

Қарақытайлар (1125-1212 ж.)

Конспект

Қытай деректері бойынша, қарақытайлар – Орталық Азиядағы Солтүстік Қытай, Маньчжурия мен Уссури өлкесін мекендеген қидан тайпалары. Қидандардың 10 ғасырда Батысқа жылжыған бөлігі мұсылман деректерінде қарақытайлар деп айтылады. 1125 жылы Елюй Даши бастаған 40 мың түтін қидандар Жетісуға келіп қоныстанды. Қарахандықтардың әлсірегенін пайдаланған Елюй Даши 1125 жылы өз әскерін Жетісудың орталық аудандарына қарай кіргізеді. Олар Баласағұнды басып алып, оған жақын жерде өздерінің орталығы – Ғұз ордасын құрды. Қарақытайларда мұрагерліктің өзіндік ерекшелігі болған. Әйелдер де мұрагер бола алған, тек әйел жағының тегі хан тұқымынан болуы міндетті. Алым-салық жүйесі бойынша, әрбір үйден 1 динардан ақша жиналған. Ірі қала әкімі гурханға жыл сайын жер салығын – харадж төлеп отырған. Жетісудың егінші тұрғындары билеушіге өнімнің оннан бір үлесін төлеген. 12 ғасырдың екінші жартысында қарақытайлар бағынышты халықтарға салық салуды күшейткен. Бұған қарсы ел ішінде наразылықтар туа бастаған. 1141 жылы Самарқанға жақын Қатуан даласында болған шайқаста қарақытайлар Бұхараға басып кіреді. Бүкіл Мәуереннахрдың орталық бөлігін басып алады. Қарахандар олардың вассалы болып, салық төлеп отыруға мәжбүр болды. Қарақытайлар Хорезмді жаулап алады. Хорезмшах жылына 3000 алтын динар төлеп тұруға мәжбүр болды. Қарақытайлар шығысында Гансу жеріндегі ұйғырларды өздеріне тәуелді етті. Батысында Әмударияның төменгі ағысын бағындырды. Оңтүстікте Балх пен Хотан жерлері де оларға тәуелді болды. Қарақытайлар Хорезм шахымен келісім жасай отырып, 1198-1204 жылдары Ауғанстан жеріндегі гурид тайпаларымен соғысып, ауыр жеңіліске ұшырайды. Қарақытайлар 1208 жылы шығыста наймандардан жеңіледі. 1210 жылы оларға Хорезм шахы қарсы шығады. Екі жақтан шабуылға ұшыраған Қарақытай мемлекеті 1212 жылы құлайды.



Сұрақтар
  1. Қарақытайларға екі жақтан шабуылдады

  2. Қарақытайлардың гурид тайпаларымен соғысқан мерзімі

  3. Қарақытайлардың шығысында тәуелді еткен тайпалары

  4. Тақ үшін таласта қарақытайлардың көмегін пайдаланған Хорезм билеушісі

  5. Қарақытайларға жылына 3000 динар төлеп отырған ел

  6. 1141 жылы қарақытайлар басып алған қала

  7. Қарақытайлар Қарахан әскеріне ойсырата соққы берді

  8. Қарақытайлардың салықты күшейткен кезі

  9. Қарақытайларда ірі қала әкімі төлейтін жер салығы

  10. Қарақытайларда әр үйден жиналатын салық мөлшері

  11. Елюй Даши гурхан қаза болғасын, билікке келді

  12. Қарақытайлықтардың орталығы

  13. Қидандардың Жетісуға келіп, қоныстанған жылы

  14. Қидандарды түрік тілдес деп көрсететін деректер

  15. Қарақытай тайпаларының бұрынғы атауы

  16. 1208–1210 жж. Қарақытай мемлекетін басып алады

  17. Қарақытайлардың орталығы

Қате туралы хабарландыру