Толық ҰБТ тапсыру
Қазақша

iTest қолданбасын жүктеп алу

Мектеп емтихандарына ыңғайлырақ форматта дайындалыңыз

Одағай, түрлері, емлесі

Конспект

Одағай толық мағынасы болмайтын, адамның түрлі көңіл күйін білдіретін және жан-жануарларға қаратылып айтылатын сөздер.

 

Одағайға тән негізгі белгілер:

 

1. Лексикалық мағынасы болмайды;

2. Сөйлемдегі басқа сөздермен грамматикалық байланысқа түспейді;

3. Сөйлем мүшесінің қызметін атқара алмайды.

 

Одағайдың үш түрі бар: 1) көңіл күй одағайлары; 2) жекіру одағайлары; 3) шақыру одағайлары.

 

1. Көңіл күй одағайлары шаттану, таңырқау, ренжу, өкіну, қуану мәнінде қолданылады: пәлі, алақай, пай-пай, уһ, әттеген-ай, қап.

2. Жекіру одағайлары тыйым салу, жекіру мәнінде айтылады: тәйт, тек, жә.

3. Шақыру одағайлары хайуанаттарды, жан-жануарларды қуу, шақыру мәнінде жұмсалады. Жылқыға қатысты құрау-құрау, моһ-моһ; сиырға қатысты ауһау-ауһау, әукім-әукім; қойға қатысты пұшайт-пұшайт; түйеге қатысты көс-көс; ешкіге қатысты шөре-шөре; итке қатысты кә-кә, айтақ-айтақ; мысыққа қатысты пырс, т.б. одағайлар қолданылады.

 

Одағай сөйлем басында да, ортасында да, соңында да кездеседі. Соған байланысты одағайға қойылатын тыныс белгілер төмендегідей:

1. Одағай сөйлем басында келсе, одағайдан кейін үтір қойылады. Мысалы, Пай-пай, туған жер қандай ыстық! Құрау-құрау, кер бесті!

2. Одағай сөйлемнің ортасында келсе, одағайдың екі жағынан да үтір қойылады. Мысалы, Далаға шықсам, ойпырай, батыс жақ от болып жанып жатқандай...

3. Одағай сөйлемнің соңында келсе, алдынан үтір қойылады. Мысалы, Осы алған бетіңнен танба, бәрекелді! Көз жасыңды көрсетпе, тәйт!

4. Кейбір жағдайда одағай қатысқан сөйлем соңына леп белгісі қойылады. Мысалы:

Қазақстан! Пай, пай, пай, ардағым-ай!

Сен менің Шолпанымсың жанған ұдай.

5. Қайталанып айтылған одағайлар дефис арқылы жазылады. Мысалы, Паһ-паһ! Сөз деп осыны айт!



Сұрақтар
  1. Одағайлы сөйлемнің тыныс белгісін көрсетіңіз.

    Жаным-ау бәрекелді талабыңа нұр жаусын

  2. Көңіл-күй одағайын табыңыз.

  3. Жекіру одағайын анықтаңыз.

  4. Шақыру одағайын белгілеңіз.

  5. Одағай сөз қатысып тұрған сөйлемді табыңыз.

  6. Одағай сөз қатысып тұрған сөйлемді белгілеңіз.

  7. Одағайдың ерекшелігін көрсетіңіз.

  8. Одағайды белгілеңіз.

  9. Одағай қатысып тұрған сөйлемді белгілеңіз.

  10. Одағайға байланысты дұрыс қойылған тыныс белгісін көрсетіңіз.

  11. Тыныс белгісі дұрыс қойылған одағайды табыңыз.

  12. Тыныс белгісі дұрыс қойылмаған одағайды белгілеңіз.

  13. Одағайлы сөйлемнің тыныс белгісін көрсетіңіз.

    Түу бауырын сағынып қалыпты ғой

  14. Тыныс белгісі дұрыс қойылған одағайлы сөйлемді табыңыз.

  15. Қате жазылған одағайды табыңыз.

  16. Одағайға тән ерекшелікті көрсетіңіз.

  17. Өкіну мәніндегі одағайды көрсетіңіз.

  18. Одағайдың түріне қатысты қатарды белгілеңіз.

  19. Шақыру одағайын белгілеңіз.

  20. Одағай сөздерді тіл білімінің қай саласы қарастыратынын көрсетіңіз.

  21. Одағай қатысқан сөйлемді көрсетіңіз.

  22. Көңіл күй одағайын анықтаңыз.

  23. Одағайға тән белгіні табыңыз.

  24. Тыйым салу одағайын көрсетіңіз.

  25. Одағай қатысқан сөйлемді көрсетіңіз.

  26. Дара одағайды табыңыз.

  27. Одағайға қатысты тыныс белгісін көрсетіңіз.

  28. Сөздің қайталануы арқылы жасалған одағайдың емлесін табыңыз.

  29. Одағайға байланысты дұрыс қойылған тыныс белгісін табыңыз.

  30. Тек, жамандық шақырма! Одағайдың қай түрі екенін көрсетіңіз.

  31. Сүйсіну мәнді одағай қатысқан сөйлемді табыңыз.

  32. Уа пәлі нағыз әнші мұнда ғой! Сөйлемдегі одағайға тиісті тыныс белгісін көрсетіңіз.

  33. Көңіл күй одағайы бар сөйлемді көрсетіңіз.

  34. «Ауһау-ауһау» одағайы қай түлікке тән және одағайдың қай түрі екенін көрсетіңіз.

  35. «Қап», «түге» одағайдың қай түріне жататынын көрсетіңіз.

  36. Одағайға қатысты тыныс белгісі дұрыс қойылмаған сөйлемді табыңыз.

  37. Үтірдің қойылу себебін белгілеңіз. Уай, шіркін, ән деп осыны айт!

  38. Одағайдың ойға үстейтін мәніне қарай нешеге бөлінетінін көрсетіңіз.

  39. "Әттеген-ай" одағайының тұлғалық түрін көрсетіңіз.

  40. Одағай қатысқан сөйлемді табыңыз.

  41. Одағайға тән ерекшелік (-тер)

  42. Одағайдың ерекшеліктері

  43. Одағайға тән негізгі белгі (-лер)

Қате туралы хабарландыру