iTest қолданбасын жүктеп алу
Мектеп емтихандарына ыңғайлырақ форматта дайындалыңыз
Шылау, түрлері, емлесі
Шылау – толық лексикалық мағынасы жоқ, сөз бен сөзді, сөйлем мен сөйлемді байланыстыратын, сөзге қосымша мән үстейтін көмекші сөздер. Мысалы, үшін, жуық, бірақ, мен, да, әрі, сайын, таман, шақты, бірге, туралы, секілді, т.б.
Шылаудың басқа сөз таптарынан айырмашылықтары:
1. Шылаудың толық лексикалық мағынасы болмайды;
2. Шылау сөйлем мүшесі бола алмайды;
3. Шылау сөз бен сөзді, сөйлем мен сөйлемді байланыстырады;
4. Шылау толық мағыналы сөздің жетегінде қолданылып, оған қосымша мән үстейді;
5. Шылаулар түрленбейді, яғни көптелмейді, септелмейді, тәуелденбейді, жіктелмейді.
Шылау сөздер білдіретін мәніне қарай үшке бөлінеді: 1) септеулік шылау; 2) жалғаулық шылау; 3) демеулік шылау.
Септеулік шылаулар белгілі бір септік тұлғадағы толық мағыналы сөздермен тіркесіп келіп, оған мезгілдік, мекендік, амалдық, себептік, мақсаттық сияқты үстеме мән береді.
Септеулік шылаулар екі түрлі қызмет атқарады:
1. Өзі шылауында жұмсалған сөзге қосымша мән үстеп, оны екінші сөзбен байланыстырып, сөз тіркесін құрайды. Мысалы, ел үшін тер төгу; үйге қарай аяңдау; туған жер жайлы толғану, Бауыржан сынды батыр, жүз қаралы жылқы, сабақтан соң келу, т.б.
2. Екі сөйлемді сабақтастыра байланыстырады. Мысалы, Күн бұлттанған сайын, Тілек жас төлдерін ойлай бастады.
Септеуліктер мына сөздердің шылауында айтылады:
1. Түбір сөздермен немесе атау тұлғадағы зат есім, есімдік, тұйық етістік, есімшемен тіркесетін септеуліктер: сайын, секілді, туралы, тәрізді, сияқты, сынды, жөнінде, жайлы, шамалы, қаралы. Мысалы, хат арқылы хабарлау, осы үшін келу, оқу жайында сөйлеу, көрген сайын қызығу, Әлия сынды батыр.
2. Барыс септіктегі сөздермен тіркесетін септеуліктер: шейін, таман, тарта, салым, жуық, тақау, таяу, дейін. Мысалы, орманға дейін жүгіру, түске қарай келді, жүзге жуық жылқы, алтыға таяу оянды, кешке таман оралды.
3. Шығыс септіктегі сөздермен тіркесетін септеуліктер: соң, гөрі, бері, әрі, бұрын. Мысалы, сабақтан кейін дайындалу, таудан әрі асу, ағасынан бұрын көмектесу.
4. Көмектес септіктегі сөздермен тіркесетін септеуліктер: бірге, қатар, қабат. Мысалы, сонымен бірге, досымен қатар, оқумен қабат.
Септеулік шылау түрлерінің кестесі
Атау септік тұлғасындағы сөздермен тіркесетін шылаулар |
Барыс септік тұлғасындағы сөздермен тіркесетін шылаулар |
Шығыс септік тұлғасындағы сөздермен тіркесетін шылаулар |
Көмектес септік тұлғасындағы сөздермен тіркесетін шылаулар |
Сайын, үшін, арқылы, секілді, сияқты, тәрізді, сықылды, туралы, жайында, жөнінде, жайлы, шақты, шамалы, қаралы. |
Шейін, дейін, таман, тарта, жуық, қарай, салым, таяу. |
Соң, әрі, кейін, бұрын, бері, гөрі |
Қатар, бірге, қабат, қоса. |
Жалғаулық шылаулар сөз бен сөзді, сөйлем мен сөйлемді байланыстырады. Жалғаулықтар бірыңғай мүшелердің немесе салалас құрмаластың сыңарларын төмендегі мағыналық қатынаста байланыстырады:
1. Ыңғайластық қатынасты білдіретін жалғаулықтар: мен, бен, пен, менен, бенен, пенен, да, де, та, те, және, әрі.
2. Қарсылықтық қатынасты білдіретін жалғаулықтар: бірақ, алайда, дегенмен, әйткенмен, сонда да, әйтпесе.
3. Талғаулықты немесе кезектестік мәнді білдіретін жалғаулықтар: әлде, біресе, кейде, яки, бірде, я, не, немесе, болмаса, не болмаса, я болмаса.
4. Себеп-салдарлық қатынасты білдіретін жалғаулықтар: себебі, өйткені, сондықтан, сол себепті.
Жалғаулық шылау түрлерінің кестесі
Ыңғайластық қатынасты білдіретін жалғаулықтар
|
Қарсылықты қатынасты білдіретін жалғаулықтар
|
Талғаулықты және кезектес қатынасты білдіретін жалғаулықтар
|
Себеп-салдарлық қатынасты білдіретін жалғаулықтар
|
Мен, бен, пен, және, әрі, да, де, та, те
|
бірақ, алайда, дегенмен, әйтседе, әйткенмен
|
я, яки, я (не) болмаса, не, немесе, әлде, болмаса, кейде, бірде, біресе
|
Себебі, өйткені, сондықтан, сол себепті
|
Демеулік шылаулар сөзге немесе сөйлемге күшейту, тежеу, шектеу, сұрау, болжалдық, күмән, нақтылау мәнін үстейді. Демеуліктер сөзге не сөйлемге үстейтін мағынасына қарай алты түрге бөлінеді:
1. Сұраулық демеуліктер: ма, ме, ба, бе, па, пе (мы, мі, бы, бі, пы, пі). Мысалы, барасың ба? – барамысың? келесің бе? – келемісің? көріп пе ең? – көріппісің? айтып па ең? – айтыппысың?
2. Күшейткіш демеуліктер: -ақ, -ау, -ай, әсіресе, -да, -де, -та, -те. Мысалы, Осы-ақ, досым-ай, қарағым-ау, Тілек те келді.
3. Шектік (тежеу) демеуліктері: ғана (қана) тек. Мысалы, тек қана, сен ғана.
4. Болжалдық демеуліктер: -мыс, -міс. Мысалы, болыпты-мыс, өмір сүріпті-міс.
5. Болымсыздық немесе қарсы мәнді салыстыру демеуліктері: түгіл, тұрсын, тұрмақ. Мысалы, Ол түгіл, сен тұрмақ.
6. Нақтылау мәнді демеуліктер: қой (ғой), -ды, -ді, -ты, -ті. Мысалы, сол ғой, айтқан-ды, көрген-ді.
Сұраулық демеулік-тер |
Күшейткіш демеуліктер |
Шектік (тежеу) демеулік-тері |
Болжалдық демеулік-тері |
Болымсыз- дық немесе қарсы мәнді, салыстыру демеуліктері |
Нақтылау мәнді демеуліктер |
ма, ме, ба, бе, па, пе, ше |
-ақ, -ау,-ай, да, де, та, те |
ғана, қана, тек, -ақ |
-мыс, -міс |
түгіл, тұрсын, тұрмақ, екеш |
Қой, ғой,-ды, -ді |
Және, мен, бен, пен шылаулары сөз бен сөзді, сөйлем мен сөйлемді байланыстыруда қолданылады да, ешқандай тыныс белгісі қойылмайды. Мысалы, Абай мен Мұхтар және Шәкәрім – қазақ әдебиетіндегі біртуар тұлғалар.
Мен, бен, пен жалғауы көмектес септік жалғауымен сырт тұлғасы жағынан ұқсас, алайда олардың бір-бірінен жазуда айырмашылығы бар. Көмектес септік жалғауын түсіріп айтуға болмайды. Мысалы, Жақсымен жолдас бол деген сөйлемді Жақсы жолдас бол деп айтуға болмайды. Ал шылауды түсіріп айта аламыз. Мысалы, Жақсы мен жаман дегенді жақсы, жаман немесе жақсы және жаман деп айтуға болады.
Да, де, та, те шылаулары сөзден бөлек жазылады. Да, де, та, те жалғаулығы сырт тұлғасы жағынан жатыс септік жалғауымен тұлғалас. Жатыс септік жалғауы сөзге жалғанып, бірге жазылады, оны түсіріп айтуға болмайды. Ал шылау бөлек жазылады және оны түсіріп немесе басқа жалғаулықпен алмастыруға болады. Мысалы, Жасымда ғылым бар деп ескермедім. – Жасым ғылым бар деп ескермедім деп да жатыс септік жалғауын түсіріп айтуға болмайды. Ал Жас та, кәрі де риза дегенді Жас пен кәрі немесе жас, кәрі риза деп айта аламыз.
Ма, ме, ба, бе, па, пе шылауы сөйлемге сұрау мәнін үстеп, сұраулы сөйлем жасайды да, өзі тіркескен сөзден бөлек жазылады. Бұл шылау сыртқы тұлғасы жағынан -ма, -ме, -ба, -бе, па, -пе болымсыз етістік жұрнағымен ұқсас келеді. Шылау бөлек жазылады да, болымсыз етістік жұрнағы түбірге қосылып бірге жазылады. Кейде бұл шылау -мы, -мі, -бы, -бі, -пы, -пі түрінде өзгеріп, сөзге қосылып бірге жазылады. Мысалы,
– Әкесісіз бе?
– Әкесімісіз?
-ақ, -ау, -ай, -мыс, -міс, -ді, -ды демеуліктері дефис арқылы жазылады. Мысалы, Өзің-ақ бара бер. Күннің суығын-ай. Ертеде бір балықшы болыпты-мыс. Қарағым-ау, неге кешіктің? Бұл жерде бұрын да болған-ды, т.б.
-
Септеулік шылауды табыңыз.
-
Септеулік шылауларды анықтаңыз.
-
Септеулік шылауы бар сөйлемді ажыратыңыз.
-
Септеулік шылау қатысып тұрған сөйлемді белгілеңіз.
-
Септеулік шылаулар қанша септікпен байланысатынын табыңыз.
-
Жалғаулық шылауы бар сөйлемді белгілеңіз.
-
Дұрыс жазылған жалғаулық шылауды табыңыз.
-
Жалғаулықтар қатысып тұрған сөйлемді белгілеңіз.
-
Бірыңғай мүшелер мен ыңғайлас мәнді сөйлемдерді байланыстыратын шылауларды белгілеңіз.
-
Жалғаулықтармен сәйкес келетін септік жалғауларын көрсетіңіз.
-
Талғау мәнді жалғаулықты табыңыз.
-
Қарсылықты жалғаулықты белгілеңіз.
-
Дұрыс жазылған демеулікті белгілеңіз.
-
Тек демеулік шылаулардан тұрған қатарды белгілеңіз.
-
Сұраулық шылаулы сөзді көрсетіңіз.
-
Демеулік шылау қатысып тұрған сөйлемді белгілеңіз.
-
«Және», «үшін», «ғана» шылаудың қай түрі екенін белгілеңіз.
-
Атау септігімен тіркесіп келетін шылауды көрсетіңіз.
-
Септеулік шылауды табыңыз.
-
Шылауға тән белгіні көрсетіңіз.
-
Қарсылықты қатынасты білдіретін шылауды белгілеңіз.
-
«Кезектес» шылаудың қай түрі екенін көрсетіңіз.
-
Көмектес септігімен тіркесетін септеулік шылауды анықтаңыз.
-
Себеп-салдарлық қатынасты білдіретін жалғаулық шылауды көрсетіңіз.
-
Нақтылау мәнді демеулік шылау қай қатарға тән екенін белгілеңіз.
-
Сұраулық демеулік қатысқан сөйлемді табыңыз.
-
«гөрі» шылаудың қай түрі екенін белгілеңіз.
-
Күшейткіш демеулікті табыңыз.
-
Дефис арқылы жазылатын шылауды табыңыз.
-
Болымсыздық демеулігін табыңыз.
-
Шылау қатысқан сөйлемді көрсетіңіз.
-
«Әлде», «сынды» шылаудың қай түр екенін табыңыз.
-
Шылау қатысқан сөйлемді көрсетіңіз.
-
Жалғаулық шылауды табыңыз.
-
Шылауға тән тыныс белгісі қойылмаған сөйлемді көрсетіңіз.
-
Қарсылықты қатынасты білдіретін шылау қатысқан сөйлемді белгілеңіз.
-
Кезектестік мәнді шылау қатысқан сөйлемді көрсетіңіз.
-
Қара бұлт аспан төріне қарай сырғып келеді. Шылаудың түрін анықтаңыз.
-
Бас көзі жұмылады, ... көңіл көзі жұмылмайды. Көп нүктенің орнына қажет шылауды белгілеңіз.
-
Шылауы бар сөйлем қатарын көрсетіңіз.
-
Сұраулық демеулік қатысқан сөйлемді көрсетіңіз.
-
Шылауы бар сөйлемді көрсетіңіз.
-
Қате жазылған шылауды анықтаңыз.
-
Шылауы бар сөзді анықтаңыз.
Сонда шаңырағымды ойып, ортаға түсірмекпісің?
-
Лайықты шылауды қойыңыз.
Шекер аз күннің өзінде-ақ бұл үйдің өз адамындай болып кеткен, … оның еркелей айтқан сөзіне Сәуле сүйсінді.
-
Сұраулық демеулікті табыңыз.
-
Сын есіммен тіркескен мөлшер үстеуін анықтаңыз.
-
Шылаулы сөз сөйлемнің қандай мүшесі екенін көрсетіңіз.
Сорлы бала қыстай іш құса болып қалған-ды.
-
Шылауы бар сөйлемді көрсетіңіз.
-
Септеулік шылауларды көрсетіңіз.
-
Септеулік шылауды көрсетіңіз.
-
Сұраулық шылау қатысып тұрған қатарды көрсетіңіз.
-
Шылауы бар сөйлемді көрсетіңіз.
-
Шылау сөздер білдіретін мәніне қарай нешеге бөлінеді?
-
Шылаудың қызметі
-
Талғаулық қатынасты білдіретін жалғаулық шылаулар қатары (-лары)
-
Күшейткіш демеулік шылауы бар сөйлем (-дер)
-
Болжалдық мән үстеп тұрған септеулік шылауы бар сөйлем (-дер)
-
Шылау сөздi тiркес (-тер)
-
Барыс септіктегі сөздермен тіркесетін шылау (-лар)
-
Шектік мағына беретін демеулік шылаулар қатары