iTest қолданбасын жүктеп алу
Мектеп емтихандарына ыңғайлырақ форматта дайындалыңыз
Еліктеу сөздер, түрлері, емлесі
Еліктеу сөздер – айналадағы, табиғаттағы түрлі дыбыстарға, құбылыстарға, қимыл-әрекеттерге және солардың бейнелеріне еліктеуден туған сөздер. Мысалы, жалт-жұлт етеді, сарт ете түсті, арбаң-арбаң етіп, күлмің-күлмің етті, шіңк-шіңк етті. Еліктеу сөздер мағынасы жағынан екіге бөлінеді: еліктеуіштер және бейнелеуіштер.
Еліктеуіш сөздер – табиғаттағы, төңіректегі түрлі дыбыстарға еліктеу арқылы жасалған сөздер. Еліктеуіш сөздер көбінесе ет көмекші етістігімен тіркесіп жұмсалады. Мысалы, сарт-сұрт ете қалды, гүрс ете түсті, жымың-жымың етеді, жарқ ете қалды, т.б.
Бейнелеуіш сөздер – табиғаттағы заттардың әр алуан күйін көру арқылы сипаттау, бейнелеу нәтижесінде жасалатын сөздер. Мысалы, жалт қарады, маң-маң басады, желп-желп етеді, жарқ-жарқ етті.
Еліктеу сөздер құрамына қарай негізгі, туынды, күрделі түбір болып бөлінеді.
1. Негізгі еліктеу сөздерге түбір сөздер жатады: дүңк, тырс, дік, жылт, шаңқ, қарқ, дүрс, арс, шарт, пыр, шиқ, жалп, жарқ, шіңк, бүлк, тарс, қиқ, т.б.
2. Туынды еліктеу сөздер -аң, -ең, -ың, -ің, -ң жұрнақтары арқылы жасалады: балп-аң, елп-ең, жылт-ың, кілт-ің, жайна-ң, қиқ-аң, т.б.
3. Күрделі еліктеу сөздер қайталану: бүрсең-бүрсең, дүр-дүр, гүрс-гүрс, жалп-жалп, т.б. қосарлану: арбаң-ербең, адыраң-едірең, шап-шұп арқылы жасалады.
Еліктеу сөздерден жұрнақ арқылы басқа сөз таптары жасалады:
1. Еліктеу сөзден зат есім жасайтын жұрнақтар:
-ыл, -іл, -л – тарс-ыл, сарт-ыл, дүрс-іл, күңк-іл, бүлк-іл, арс-ыл., т.б.
-ақ, -ек – бұлт-ақ, бүлк-ек, т.б.
-ғыр, -гір – даң-ғыр, дүң-гір, т.б.
2. Еліктеу сөзден етістік жасайтын жұрнақтар:
-ыра, -іре – салб-ыра, үлб-іре, т.б.
-ла, -ле – дабыр-ла, күбір-ле, т.б.
-да, -де – қоқаң-да, ербең-де, т.б.
Еліктеу сөздер көбінесе көмекші етістікпен, кейде негізгі етістікпен тіркесіп жұмсалады. Еліктеу сөздер көмекші етістікпен тіркескенде, күрделі баяндауыш қызметін атқарады. Мысалы, Аспанда самсаған жұлдыздар дір-дір етеді. Кенет артына жалт қарады. Дір-дір етеді, жалт қарады – қайтті? – баяндауыш.
Еліктеу сөздер түрленіп келіп, басқа сөйлем мүшелерінің де қызметін атқарады. Мысалы, Жарқ-жұрқтан көзің талып, даң-дұңнан құлақ тұнады. Жарқ-жұрқтан, даң-дұңнан – неден? – толықтауыш.
Тарс-тұрс еткен дыбысқа барлығы елеңдей қалды. Тарс-тұрс еткен – қандай? – анықтауыш. Жүгірген бойы өзенге күмп беріп қойып кетті. Сәби томп-томп жүгіріп жүр. Томп-томп, күмп беріп – қалай? – пысықтауыш.
Қосарланудан және қайталанудан жасалған еліктеу сөздер дефис арқылы жазылады. Мысалы, қарш-қарш, сарт-сарт, опыр-топыр, делең-делең, бүрсең-бүрсең, қалт-құлт, қорбаң-қорбаң, т.б.
-
Негізгі еліктеу сөзді анықтаңыз.
-
Еліктеу сөздің сөйлемдегі қызметін анықтаңыз.
Төртеуі жалп-жалп құлады.
-
Негізгі еліктеу сөзді анықтаңыз.
-
Негізгі еліктеуіш сөзді көрсетіңіз.
-
Күрделі еліктеу сөзді анықтаңыз.
-
Еліктеу сөздің түрлерін белгілеңіз.
-
Сөйлемнен еліктеу сөзді табыңыз.
Өтеді ауыздығын қарш-қарш шайнап.
-
Еліктеу сөз қатысқан қатарды табыңыз.
-
Еліктеуішті белгілеңіз.
-
Негізгі бейнелеуіш сөзді анықтаңыз.
-
Күрделі бейнелеуіш сөзді табыңыз.
-
Бейнелеуіш сөзді анықтаңыз.
-
Бейнелеуіш сөзді анықтаңыз.
-
Бейнелеуіш сөзді белгілеңіз.
-
Еліктеу сөздің қандай қызмет атқарып тұрғанын көрсетіңіз.
Даладан сылқ-сылқ күлкі естіледі.
-
Сөйлемдегі еліктеу сөз қай сөйлем мүшесі болып тұрғанын белгілеңіз.
Жүргіншілер кілт тоқтады.
-
Еліктеуіш сөздің сөйлемдегі қызметін анықтаңыз.
Төртеуі жалп-жалп құлады.
-
Еліктеу сөз қатарын көрсетіңіз.
-
Еліктеу сөз құрамына қарай нешеге бөлінетінін белгілеңіз.
-
Дара еліктеу сөз қатысқан сөйлемді белгілеңіз.
-
Күрделі еліктеу сөзді тіркесті белгілеңіз.
-
Еліктеу сөз тұлғасына қарай неше түрге бөлінетінін көрсетіңіз.
-
Туынды еліктеу сөз қатарын табыңыз.
-
Негізгі еліктеу сөзді белгілеңіз.
-
Туынды еліктеу сөз жасайтын жұрнақты анықтаңыз.
-
Негізгі еліктеу сөзді анықтаңыз.
-
Күрделі еліктеу сөз қатысқан сөйлемді көрсетіңіз.
-
«Апыл-ғұпыл» еліктеудің қандай мағыналық түрі екенін табыңыз.
-
Еліктеуіш сөзді көрсетіңіз.
-
Анықтауыш қызметіндегі еліктеу сөзді сөйлемді көрсетіңіз.
-
Артына жалтақ-жалтақ қарай берді. Сөйлемдегі еліктеу сөздің қызметін анықтаңыз.
-
Баяндауыш қызметіндегі еліктеу сөз қай қатарда екенін белгілеңіз.
-
Бейнелік мағынаны білдіретін сөзді табыңыз.
-
Дыбысқа еліктеуден жасалған сөзді белгілеңіз.
-
Көп нүктенің орнына лайықты еліктеу сөзді белгілеңіз. Шапанының етегі ...-... етеді.
-
Толықтауыш қызметіндегі еліктеу сөзді сөйлемді табыңыз.
-
Тарс-тұрс анық естіле бастады. Еліктеу сөздің синтаксистік қызметін көрсетіңіз.
-
Емле бойынша жазылған еліктеуді табыңыз.
-
Көп нүктенің орнына қай еліктеу сөз қойылатынын белгілеңіз. ...-... басқан, ... басқан, Шудаларын шаң басқан.
-
Еліктеу сөз қатысқан сөйлемді көрсетіңіз.
-
Еліктеу сөзді тіркесті табыңыз.
-
«-аң» жұрнағы жалғанатын еліктеуді табыңыз.
-
Еліктеуіш сөздің түрін, қызметін анықтаңыз.
Аттар ауыздықтарын қарш-қарш шайнап тыпыршиды.
-
Еліктеу сөздің құрамдық түрін анықтаңыз.
Айыл-тұрман шағылысып, жарқ-жұрқ етеді.
-
Еліктеуіштің сөйлемдегі қызметін анықтаңыз.
Дабыр-дұбыр еткен үндеріне қарағанда өздері біраз адам сияқты.
-
«Тарс» сөзі қай сөз табына жататынын белгілеңіз.
-
Сөйлемде неше еліктеу сөз барын белгілеңіз.
Қарға қарқ етті, ірімшік жерге салп етті.
-
Көп нүктенің орнына қажетті еліктеу сөзді табыңыз.
Өзге жұрттың бәрі ... боп тысқа қарай ақтарылды.
-
Еліктеу сөзді табыңыз.
-
Екі буыннан тұратын еліктеу сөзді табыңыз.
-
Еліктеу сөзден болған қос сөзді көрсетіңіз.
-
Баяндауыш қызметіндегі көмекші етістікпен тіркескен бейнелеуішті табыңыз.
-
Туынды еліктеу сөз жасайтын жұрнақ (-тар)
-
«Бұлт-бұлт» еліктеу сөзіне тән белгі (-лер)
-
Дыбыстық елiктеуiш сөз (-дер)
-
Бейнелеуіш сөзге қатысты қатар (-лар)