iTest қолданбасын жүктеп алу
Мектеп емтихандарына ыңғайлырақ форматта дайындалыңыз
3-нұсқа
-
«Қобыланды батыр» жырында
«Арғы астында бұл таудың
Қызылбастың елі бар.
Жасыл байтақ жері бар,
Айдынды шалқар көлі бар...» деген жыр жолдарын айтқан кейіпкер
-
Абай өзінің өлеңдерін бастапқыда кімнің атынан таратып жүрген
-
Абай айтқан «бес асыл істің» қатарына енбеген сөз
-
Ақан серінің Құлагері туралы поэма жазған ақын
-
Қазақ әдебиетіндегі тұңғыш роман және оның авторы
-
Жамбылдың сатирик ақын екенін дәлелдейтін өлеңі
-
Жамбылға: «Шындықты айт, әділдікті жырла, көне, тозығы жеткен жолға түспе, жаңа жол, тың жолға, даңғыл жолға түс», – деп ақыл айтқан ақын
-
Үзіндідегі фигураның түрі
Тәкаппар ұлы дүние!
Қазақ деген – мен деймін.
Мылтығыңды ұсынба,
Қолыңды ұсын, кел деймін!
-
«Тазының өлімі», «Бір атаның балалары» шығармаларының авторы
-
І.Есенберлиннің «Көшпенділер» трилогиясын біріктіріп тұрған ортақ тақырып
-
«Тіршілікте құрыштай бол төзімді,
Сан мәртебе алдаса да өзіңді» – деп басталатын дидактикалық сарындағы өлең авторы
-
Көркемдігі жағынан қазақ поэзиясының төрінен орын алатын XIX ғасырдағы ақындар айтысының үлгісі
-
Асан қайғының су, жер, ел не екендігін ұғындыратын ғибратнамалық толғауы
-
Махамбет Өтемісұлының философиялық лирикаға жататын өлеңі
-
Тахауи Ахтановтың соғысты мүлде басқа қырынан көрсеткен, взвод командирі Ержан, қатардағы жауынгерлер Зеленин, Көжек деген кейіпкерлері бар шығармасы
-
«Аяз би» ертегісінде кездесетін кейіпкерлер қатары
-
«Айналайын Ақ Жайық» толғауының авторы
-
Ілияс Жансүгіровтің «Күйші» поэмасындағы ханшаның «тастама домбыраңды, күйді ұмытпа, тарта жүр сонау тартқан сергелдеңді...» деген сөзі нені танытатындығын көрсетіңіз
-
Үзінді алынған М.Әуезовтың шығармасы мен кейіпкері «... Арада екі жұмадай уақыт өтті. Бұл кезде ... елден, жұрттан безіп шығып, тау ішінің жайын тағысы сияқтанып жүрген қашқын...»
-
Қу бұтағын құшақтап,
Түксиеді кәрі емен.
Үзіндідегі троптың түрі
-
Лиро-эпостық жыр(-лар)
-
Ақтамбердінің жылқы малын дәріптеген толғау(-лар)ы
-
Абайдың поэмасы (поэмалары)
-
Міржақып Дулатовқа тән белгі(-лер)
-
Ғ.Мүсіреповтың роман(-дар)ы
-
Қыз Жібектің Жағалбайлы еліне жол тартқан жанында болған кейіпкер(-лер)
-
М.Дулатовтың өлеңдер жинағы (жинақтары)
-
М.Мақатаевтың «Райымбек! Райымбек!» поэмасының кейіпкер(-лер)і
-
Көк кілем – балаусасы балбыраған,
Көк жібек жапырағы жалбыраған.
Ақ қанат аспандағы сонда жауып,
Балбұлақ таудан, тастан атқылаған.
І.Жансүгіров поэмасынан алынған үзіндіде қолданылған көркемдік тәсіл(-дер)
-
Семинарияның орыс тілі мен әдебиеті пәнінің оқытушысы В. Попов өз естелігінде айтқан М.Әуезовтің ерекше қасиет(-тер)і