Толық ҰБТ тапсыру
Қазақша

iTest қолданбасын жүктеп алу

Мектеп емтихандарына ыңғайлырақ форматта дайындалыңыз

1-нұсқа



Сұрақтар
  1. Күлтегін жауласқан батырлар бейнесін көрсетіңіз.

  2. Үзіндіні сәйкестендіріңіз.

     

    «Мен сенің аспанмен таласқан Қаратауыңның басына шықсам деп келдім, суы гүрілдеп аққан суыңнан өтсем деп келдім. Мен сенің кең етегіңнен еніп, тар қолтығыңа сыйсам деп келдім. Көктің бұйрығы, Тәңірінің жолы деп...»

  3. Үзіндідегі лирикалық кейіпкердің көңіл-күйін көрсетіңіз.

     

    Қашықтасың, туған жер – қалың елім,

    Небір жүйрік болдырып жарау деген.

    Шаршадым мен, жанарым талды менің,

    Шаңыт жолға сарылып қарауменен.

  4. Кейіпкердің (Пайғамбар) заманына қарым-қатынасы өлең жолдарының қай тармағынан байқалатынын анықтаңыз.

     

    1. Ораза, намаз, иман, ислам қолдан кетті.

    2. «Күннен күн бетер» деген хадис жетті.

    3. Пайғамбар айтқандары келіп жетті,

    4. Бұл дүниені қараңғылық басты достар.

    5. Дінсіз ұстаздарға еш қауіп жоқ.

    6. Дүние малын жиып, еш тояры жоқ.

    7. Ұшып, қонып, өлімнен еш хабары жоқ.

    8. Ол жанның діні дүние болды көргін.

  5. «Құтты білік» дастанындағы автордың жаратқанға тәубе етуі шығарманың қай құрылымдық бөлігіне сәйкес келетінін анықтаңыз.

  6. «Керқұла атты Кендебай» ертегісі қандай ертегіге жатады?

  7. Үзіндінің сюжеттің қай құрамдас бөлігіне сәйкес келетінін анықтап жазыңыз.

     

    Қызылбастың елінен

    Қазан деген ер шықты.

    Жөн білмеген шер шықты.

    Ноғайлының көп елін

    Олжалап шауып жаншыпты.

  8. Алып Ер Тұңға жырындағы халық бейнесі

  9. «Біржан-Сара» айтысына тән сипаттаманы анықтаңыз.

  10. «Жары мен суы тең, жарлысы мен байы тең болатын жер екен», – деп қай жерге байланысты айтқанын анықтаңыз.

  11. "Қазтуғанның қонысымен қоштасуы" толғауында оқиға қалай басталады?

  12. Өлең жолдарынан ассонансты анықтаңыз.

  13. Шалкиіз жырау Би Темірге қарата қандай теңеулерді қолданады?

  14. Жиембет жырау толғауларының көбі қай ханға арналған?

  15. Көп нүктенің орнына тиісті сөзді қойыңыз.

     

    Ор қояндай қабақты,

    Қиған қамыс ...,

    Сары мысықтай азулы,

    Саптыаяқтай ерінді

  16. Үзінді қандай ұйқас түрінде жазылғанын анықтаңыз.

     

    Оныншы тілек тілеңіз:

    Он ай сені көтерген,

    Омыртқасы үзілген,

    Аязды күнде айналған,

    Бұлтты күнде толғанған,

    Тар құрсағын кеңейткен,

    Тас емшегін жібіткен,

    Анаң бір аңырап қалмасқа.

  17. Композициялық амалдардың түрлерін анықтаңыз.

  18. Үзіндіге сәйкес келетін талдауды анықтаңыз.

     

    Бөліне көшкен елдерді

    Бөріккен қойдай қылармын.

    Жарыла көшкен елдерді,

    Жаралы қойдай қылармын.

  19. Д. Бабатайұлының «О, Ақтан жас, Ақтан жас» өлеңіндегі сипаттау бар үзіндіні көрсетіңіз.

  20. «Зар заман» толғауы арқылы бір дәуірге ат берген шығарманың астарынан көп нәрсені аңғарамыз» деп, отаршылдықтың қазақ ұлтына әкелген зияны туралы баға берген ғалымды табыңыз.

  21. Үзіндінің идеясына сай келетін мақалды анықтаңыз.

     

    Атамыз қазақ баласы

    Қонып мекен еткен жер.

    Мыңнан-мыңнан жылқы айдап,

    Жүзден-жүзден нар байлап,

    Дәулеті қалың біткен жер.

  22. Ыбырай Алтынсариннің “Қыпшақ Сейітқұл” шығармасында Сейітқұлдың іс-әрекетін мақал-мәтелмен сәйкестендіріңіз.

  23. Ақыл сөзге селт етпейтін, надан қауымды шебер бейнелеген символдық жолдарды анықтаңыз.

  24. Ақылға тән іс-әрекет баяндалып тұрған жолдарды табыңыз

  25. Үзіндіден Еңліктің бойындағы қандай қасиетті аңғаруға болады?

     

    Ей, батыр, сен жатырсың ұйқың қанбай,

    Мен жүрген бір сорлымын бағым жанбай.

    Көрінгенге көз сүзген көрсеқызар,

    Әдепсіз қыз дейсің ғой әлдеқандай.

    Өз әлімше сынадым мен де сені,

    Сен қалай деп ойладың, айтшы мені?

    Қыздан сорлы бола ма бұл жалғанда,

    Кез болмаса өзінің сүйер теңі?

  26. Ахмет Байтұрсынов «Егіннің бастары» мысалының кейіпкерін белгілеңіз

  27. Сөйлемді аяқтаңыз.

     

    «Ақбілек бейнеттен, қорлықтан, күнәдан құтылып сонау жеті қат көктегі ғарышқа апарып, жүрегін алтын легенге салып жуғандай, анадан жаңа туғандай тәрізді. Оның жүрегін жуып, тазартқан леген – аяулы жаны, Қаратаудай қайратты, ай мен күндей ғылым еді» – деген үзінді шығарманың ...

Қате туралы хабарландыру