iTest қолданбасын жүктеп алу
Мектеп емтихандарына ыңғайлырақ форматта дайындалыңыз
2-нұсқа
-
Жамалдың Жұманнан таяқ жегеннен кейін қандай оймен үйінен қашып шыққанын анықтаңыз.
-
Поэмадағы оқиға қай кезеңді қамтиды?
Ол күндер аз қазақ пен қалың қалмақ
Қыран мен қара құстай алысқан шақ.
Баласы алты алаштың Абылайдың
Астында ақ туының табысқан шақ.
-
С.Торайғыровтың «Шығамын тірі болсам, адам болып» өлеңінің кейіпкері қандай образға жататынын анықтаңыз
-
Үзіндіні оқы. Қандай адам (кейіпкер) туралы айтылады?
Шырқ айналар шіркін тауық,
Жемің болса қолыңда,
Қайдағысы сені тауып,
Топырлайды жолыңда.
Досыңмын деп ант береді,
Жем іздеген жанама.
Жем таусылса жалт береді,
Сенерлік дос, санама.
-
«Құлагер» поэмасынан оқиғаның шиеленісін анықтаңыз.
-
Бейімбет Майлиннің “Шұғаның белгісі” әңгімесіндегі үзінді сюжеттің қай бөлігіне сәйкес келеді?
Есімбектің үй іші есітіп бұлан-талан болыпты. Шұға не қыла қойсын; таздың ашуын тырнадан алып Базарбайды айдап шығарып жібереді. Мені үйінің маңайына жуытпайды. «Көптен көрші болған ел едік, арамызға салқындық түсірме...» деп шалдар үгіттеп Әбдірахманды жолынан тайдырмақ болды.
-
Шумақта ақын неге қапалы екенін табыңыз.
Дүние, жалт-жұлт еткен кең мекенім,
Көре алмай көп жеріңді мен кетемін.
Арпалыс, ала құйын заманалар
Арбасып тұрып алды, мен не етемін.
-
Берілген үзіндіде Жамбылдың мақсаты қандай? «Жамбыл жырлары теңіз түбінде шашылып жатқан маржан сықылды. Оны жинап алып халқының қолына беру – біздің әрқайсысымыздың азаматтық борышымыз».
-
Үзінді қай оқиғаның бастауы екенін анықтаңыз.
Қораға жақындайын деп еді, көп иттер шулап үріп, маңайлатпады. Алғашқы рет амалсыздан көкке қарап аузын ашып ышқынғанда, ішінен зор дауыс шыкты. Бір мезгілде дәл жанынан өзінің дауысындай дауыс естілді. Ол да дәл осы сияқты ұлиды...
-
Бұл кімнің қорытынды ойы екенін анықтаңыз.
«Соғыстан бұрын екі-үш жыл көрші тұрдық. Онда жай әйелдердің бірі ғана сияқты еді. Кімнің кім екені қиыншылықта көрінеді деген осы-ау. Қандай ақылды, парасатты адам. Міне, адам болса, осындай болсын!»
-
Пьесаның қатысушыларына дұрыс сипаттама берілген нұсқаны анықтаңыз.
-
Үзіндідегі көркемдегіш құралдарды анықтаңыз.
Көктемде кең жайылған тасқыннан еркін сусындаған Есіл өлкесінің жібектей жұмсақ, жұпардай иісті қалың шалғыны аттың омырауына тіреп бауырынан келеді.
-
«Аққулар ұйықтағанда» шығармасының жанрын көрсетіңіз.
-
Жүректің сыздап, адам жанының мұзға айналуы мүмкін бе? Үзіндідегі ақынның айтқысы келген ойын анықтаңыз.
Біреудің пасықтығынан,
біреудің жасып мұңынан,
жүрегім сыздаған кезде,
жаным мұздаған кезде
мен сені саялаймын.
-
Көпшіліктің назарын аудару мақсатында автор қолданған тілдік оралымды анықтаңыз.
Балалар бізді сағынған, жаным, арманның аңсап биігін, Әжелер бізді сағынған, жаным, талдырып асқар иығын.
-
“Қаһар” романында І.Есенберлин мақал арқылы қандай құндылықты сөз етеді?
...Ожар қайтадан Сейтеннің қасына келді. Астындағы төрт аяғы тең жорға қара көктің тізгінін тежей түсіп, кеше тәмәмдай алмай қалған әңгімесіне қайта кірісті.
– Атамекен Көкшетауын тастап, Қасым төре неге Қоқан хандығына қарай көшті? – деді ол сөзін алыстан қозғап. – Қазақта мақал бар емес пе «Бөтен елде сұлтан болғаныңша, өз еліңде ұлтан бол» деген.
-
Үзіндіде қазақ әйеліне тән қандай ұлттық мінезді байқауға болатынын көрсетіңіз.
Теміржан, тентектікті ана көтерсе де, дала көтермейді. Сырт көз – сыншы. Қайда жүрсең де абыройыңды ұмытпа. Ұрыспай-таласпай өмір сүріңдер. Ал қиналсаңдар... балаларыңды алып келіп, өзім тәрбиелеймін.
-
Б. Момышұлының “Ұшқан ұя” шығармасынан алынған үзіндіге қатысты дұрыс көзқарасты белгілеңіз.
Қайран, балалық-ай десеңші! Алыста қалған арайлы адал таңдарым менің. Онда мен кіп-кішкентай сәби едім. Ал айнала таулар да, үйлер де, қойтастар да, жылқылар да — бәрі-бәрі үлкен болатын. Адамдардың бәрі «айналайыннан» басқа сөзі жоқ, кілең мейірімді жандар болып көрінетін... Қария кісілердің сақалынан қасиет-қадір белгісі көрініп тұрар еді маған. Ер мінез жігіттердің кесек тұлғаларынан, шашбаулары сылдыраған қыз-келіншектердің жүріс-тұрысынан мен адамзаттың асқақ сұлулығын түйсіксіз байқағандай болармын. Солардың бәрі мені аймалап, сүю үшін жаратылған жандар сияқты сезілуші еді.
-
“Атау кере” үзіндісіндегі асты сызылған кейіпкердің есімін табыңыз.
«Обал ғой. Текті тұқымның азып-тозып, шілдің боғындай пышырап біткені ғой. Қай-ра-ан Көкен, әйелі Аналық қандай еді... _ шал ше? Алтайды аузына қаратқан ақын, жан баласына басын имеген кісінің сұлтаны еді. үһ, тағы не болып барамыз осы».
-
«Менің атым – Қожа» шығарманың негізгі идеясын анықтаңыз.
-
Қай кейіпкердің ішкі ойы екенін анықтаңыз.
Әмірші алтын тәжді басымен бала жігіт құсап, күні-түні бұның қасынан шықпай қайдан отырсын. Дүниенің төрт бұрышы тықыршып хабарын тосқан атақты билеуші қарауындағыларға қатарынан екі-үш жыл тыныштық берсе, өңшең шуылдақ хан бұрынғы қаһарынан айырылған екен, қатынжанды боп төсек күзетіп отырып қалған екен деп масайрамай ма? Жоқ, ол асыл текті ханзада басымен Әміршіні сасық ауыз қара тобырдың әлгіндей табасына жем қылып қоя алмайды. Жоқ, ол Әміршісін жорық түгілі бейбіт кезде, Байтақ шаһарға оралған соң да, нақсүйері екенмін деп, қасынан шығармай, ұстап отыра алмайды. Өйткені мұндағы жұрттың да жатса-тұрса аңдитыны — алтын басты билеуші. Ендеше, Әміршінің бала сүйдірген қосағым ғой деп анда-санда бәйбішенің ордасына барып тұруы да орынды.
-
Қандай тарихи оқиға сөз етілгенін анықтаңыз.
«Түркістанға 61-жылдың реформасынан кейін жалғыз шобырдың құйрығына байланып келіп, бүгінде Шымкент кетіп, рудник иеленіп отырған әкесінің араққа тойып алғанда, «қайран, Сычовкалап» маңдай соққанын талай көрген».
-
Метафора қолданылған үзіндіні табыңыз.
-
Үзіндідегі ұлттық ойын атауын жалғастырыңыз.
Үгіт арбасы көпшіліктің ортасына келіп тоқтаған кезде сайысқа палуандар шықты. Одан әрі ат үстінде орындалатын ұлт ойындары қызсын - ..
-
Үзіндіден халық бойына тән, әлемнің бар халқында бар қандай құндылық көрінеді?
«Арыстандай азаматтың құрметіне атын Сыздық қойып ем. Ел-жұртының жыртысын жыртып, жоқшысы болсын деп едім. Қателесіппін, қарағым. Сорым болды ғой бұл менің. Сыздық төреден садақа кетсін бұл, - дейді шал оңаша қалғанда күйініштен өртеніп кете жаздап.»
-
Ерболат Әбікеннің “Пәтер іздеп жүр едік” үзіндісінде автор қандай өмір шындығын көрсетеді?
«– Келіншегің биік өкше аяк киім кимейтін болсын.
– Неге?! Оның қатысы қанша?
– Қатысы қанша дейсің бе-ей? Дәлізден кіргенде мазамыз кетеді ғой.
– Жарайды.
– Далаға шыққанда аяқтарыңнын ұшымен басып шығыңдар.
– Неге?
– Дыбысы шықпау үшін, әйелім ұнатпайды.
– Айтқаныңыз болсын.
– Ал кірген кезде....
– Онда да аяқтың ұшымен кіреміз ғой?
– Жоқ. Кірген кезде өкшелеріңмен ептеп, дыбыс шығармай кіресіңдер..»
-
Өлеңді ағасына арнап кімнің жазғанын табыңыз.
Туғанымның бірісің.
Мен барда, бар тынысың.
Жақсы жолды көрсетіп,
Жетелейтін інісін.
-
«Тортай мінер ақбоз ат… менің тақымымда кеткендей еді… иесіне қайтаруға кеш еді…» деген эпизодқа қарсы пікірді анықтаңыз.