Толық ҰБТ тапсыру
Қазақша

iTest қолданбасын жүктеп алу

Мектеп емтихандарына ыңғайлырақ форматта дайындалыңыз

4-нұсқа



Сұрақтар
  1. Қазақтың салт-дәстүрлеріне үйлеспейтін құбылыстардың бой көрсетуіне қынжылып, ел ертеңіне алаңдаған «зар заман» ақыны

  2. І.Жансүгіровтің «Күйші» поэмасында суреттелетін хан

  3. Мағжан Жұмабаевтың алғаш дәріс алған бастауы

  4. М.Әуезовтің «Көксерек» әңгімесінде боздап келіп, елді тегіс еңіреткен кейіпкер

  5. Балалық өтті, білдің бе?

    Жігіттікке келдің бе?

    Жігіттік өтті, көрдің бе?

    Кәрілікке көндің бе?

    Абай өлеңінде қолданылған көркемдік тәсіл

  6. А. Иүгінекидің «Ақиқат сыйы» кітабында «Әдептіліктің басы – ...»

  7. «Қозы Көрпеш – Баян Сұлу» дастанының желісіне негіз болған салт

  8. XV ғасырда өмір сүрген өз заманының асқан ақылгөйі, «көшпенділер философы»

  9. Т.Айбергеновтің:

    «Арманыңды ақтармын ба жүрегімде тербесем,

    Айға сіңлі, қарындассың қасиетті жерге сен», – деп басталатын өлеңі

  10. Тарихта болған адам екені дәлелденіп, Ақтөбе облысында тарихи ескерткіші қойылған батыр

  11. Төмендегі үзіндінің авторын анықтаңыз:

    Білімді сол кісіден ізденелік,

    «Әдейі іздеп біз келдік сізге» делік.

    «Өмір зая болмастық өнер үйрет,

    Ақылыңды аяма бізге» делік...

  12. Гүрілдеп жалын атқан кеудем – көрік,

    Сөз соғам құлашымды еркін керіп.

    Үзіндідегі фигураның түрі

  13. Асан қайғы шығармашылығына қатысты нұсқа(-лар)

  14. Ыбырай Алтынсарин деректер бойынша

  15. А.Байтұрсынұлының мысал өлең(-дер)і

  16. С.Мұқановтың «Есіл бойында» шығармасындағы Ұлпа қызға тән сипат(-тар)

  17. «Ер Төстік» ертегісінің кейіпкер(-лер)і

  18. Мұқағали шығармалары

  19. Саятшының сөзімен қыран құстың алғырлығын суреттейтін халық әні

  20. М.Әуезовтің алғашқы көркем әңгімесі

  21. Абайдың Көкбайға: «Сен соғымыңа бір ту бие ал, мен енді өлеңімді өзім алайын» деп көңілі толған тұңғыш өлеңі

  22. Зорлығымды сұрасаң,

    Бекіре менен жайындай.

    Беріктігімді сұрасаң,

    Қарағай менен қайыңдай, - деп Есім ханға өктем үн қатқан жырау

  23. Айкүмістің Жамбылға:

    «Жамбыл-ау, күпінесің неге сонша,

    Құтқарып қыз біткенді қалған жанша,

    Қолдағы қаршығаңнан неге айрылдың,

    Тұтқасы дүниенің сенде болса?!» деп меңзеген сұлуы

  24. Ілияс Жансүгіровтің өмірі мен шығармашылығына қатысты мәлімет(-тер)

  25. «Қазақ қайырымды, кең, меймандос, зерек, ақылды жұрт. Ауыз әдебиеті, музыкасы бай. Оқыса, қазақ тез түзеліп кетеді. Оқу керек...» Үзінді авторы және шығарма аты

  26. Тамағы тоқтық,

    Жұмысы жоқтық...

    Берілген ойдың жалғасы

  27. Ж.Молдағалиевтің ақындық даңқын көтеріп, есімін әлемге мойындатқан поэмасы

  28. «Теңіздей тебіренді Жейхун бүгін...» деп басталатын «Ақсақ Темір мен ақын» шығармасының авторы

  29. Алпамыс батырдың әкесі мен анасының есімдері

  30. ...Ей, өр жігіт, өр жігіт!

    Атыңа ерік бер, жігіт

    Қуып жетіп көр, жігіт! Үзіндідегі фигураның түрі

Қате туралы хабарландыру