
iTest қолданбасын жүктеп алу
Мектеп емтихандарына ыңғайлырақ форматта дайындалыңыз
17-мәтін
1940 жылы алғашқы ұрыс кезінде Оспан батырдың сарбаздары Көктоғайды азат етіп, қытайлардың қарулы күштерін жоқ қылған, алайда бірнеше уақыттан кейін қытай әскері Көктоғайды қайтарып, Оспанның ауылында қанды қырғын жасаған. Оспанның он бір баласының сегізін жарып тастап, құдыққа тастап өлтірген. Оспанның әйелі Мемей қалған үшеуін құтқарып, Қара Ертіске түсіп жан сақтады. Оспан батырдың ұрпақтарына тоқталатын болсақ, Оспан – үш әйел алған кісі. Ең үлкен шешеміз Нұрқиза Сарымбетқызынан алты ұл, үш қызы болған. Екінші әйелі Мемей апамыздан үш қызы, ал үшінші, жеңгедей алған апамыз Баян деген кісіден бір ұл, бір қызы болған еді. Нұрқиза апамыздан туған алты ұлдың үшеуі 1940 жылы Қытайдағы Алтай қазақтарының ұлт-азаттық көтерілісінде соғыста қаза табады. Зия деген ең үлкен ұлы, одан кейінгі Ойдолла, Кәрі деген екі ұлын сол кездегі Шыңжаңның дара билеушісі Шың Шысай деген адам 1943 жылы түрмеде өлтіреді. Ал одан қалған Шердиман, Ниғыметолла және Нәби деген үш ұлы Оспан батырдың қасында бүкіл соғыста жүрді. Қытай коммунистері жеңіске жетіп, олардың халықтық армиясы Шыңжаңды бетке алып келе жатқанда Алтайдан ауған ел Гималайды бетке алып үдере көшеді. Халықтық армияның жер қайысқан қолы қазақ өлкесіне табандап қалғанда Зуқа батырдың баласы Сұлтаншәріп пен Қалибек Хәкімнің ауылы шетелдерге көшіп жан сауғалауды көздейді. Қанды қырғынмен Гималай асқан қаралы көшке Оспанның ауылы қосылмай ажалмен бетпе-бет келеді. Батырдың шетел асып ажалдан аман қалуына осы жолы соңғы мүмкіндік болды. Есіл ер елде қалғанда ажалды атақоныста қасқайып қарсы алғанды таңдады. Босқан ел түрік жеріне табан тіреп, етек жеңді енді жинай бастаған жерде көз жұмған Сұлтаншәріп тәйжі «Өз елінде ерлікпен қаза болған Оспан бақытты екен» деп жылапты.
Екінші Дүнежүзілік соғыс Совет одағының пайдасына шешіле бастаған тұста Сталин бастапқы ойынан айнып қалды. Оған ендігі жерде Шығыс Түркістан үкіметі керек болмады. Гоминьдан үкіметі де Қытайдың халық армиясынан жеңіліс тауып, Жан Кайшы Тайваньға қашты. Сталин Маоны Мәскеуге шақырып, ымыраға келді. Шығыс Түркістан үкіметінің болашағы бұлыңғыр болып қалды. Ішкі-сыртқы геосаяси жағдайы және геосаяси жағдайдан туындаған түрлі саяси қитұрқы іс-шаралар Шығыс Түркістан үкіметін тығырыққа тіреді. 1951 жылы 19 ақпан күні Гансудың Хайзы деген жерінде Қытайдың халықтық армиясы Оспанның ауылын басып алып, батырды қолға түсіріп Үрімжідегі түрмеге алып келеді. Қолға түскеннен кейін қызыл әскерлер оны қосының алдына әкеліп суретке түсіреді, түйеге артып айдап бара жатады. Сонда бір қызы, ауылдағы әйелдер шулап жылайды. Сонда Оспан батыр айтты дейді: «Ей! Көздеріңнің жасын көрсетпеңдер жауыма! Олар мені кереметтігінен, батырлығынан ұстап алған жоқ, бұл – Алланың әмірі! Құдайдың әмірінен аспақ жоқ! Алланың әмірі осы күнге дейін жеткізді мені – оған да бой ұсыну керек, тәуба. Сондықтан сендер жыламаңдар, оданда ертеңгі күндеріңді, өлмейтін күндеріңді ойлаңдар» деп Оспан батыр қол-аяғы бұғауда болғанына қарамастан, артындағы қыз-келіндеріне қатты дауыспен, басын иемей, көзіне жас алмай, үнінде ешқандай қорқудың, абыржудың бейнесі жоқ, шамырқана тіл қатқан екен. Оспан батырдың соңғы сөзі: «Сендер мені қандай қылмысты деп танысаңдар, сондай қылмыстымын. Өз жауларыммен шайқасқан кезімде қытай, орыс, моңғол деп бөлген жоқпын. Кім менің діліме, дініме, жеріме, еліме тиіссе – сол менің жауым болды. Ол күресімнен ешқашан бас тартпаймын. Маған көрсететін ең ауыр жазаларыңа дайынмын».
-
Оспан батырдың қытайдың қарулы күштерін алғаш талқандауы қай жылы болды?
-
Батырдың әйелі түсіп, жан сақтаған өзен
-
Зуқа батырдың баласы Сұлтаншәріп пен Қалибек Хәкімнің ауылы қайда барып орнығады?
-
1951 жылы 19 ақпан күні Гансудың Хайзы деген жерінде қандай оқиға болды?
-
«...Өз жауларыммен шайқасқан кезімде қытай, орыс, моңғол деп бөлген жоқпын. Кім менің діліме, дініме, жеріме, еліме тиіссе – сол менің жауым болды» деп батыр қашан айтты?
-
Берілген мәтін стилі
-
Алтай елі Гималайды бетке алып қашан үдере көшеді?
-
Мәтін тақырыбы берілген бөлімдердің қайсысына жатады?