Толық ҰБТ тапсыру
Қазақша

iTest қолданбасын жүктеп алу

Мектеп емтихандарына ыңғайлырақ форматта дайындалыңыз

16-мәтін

Конспект

Бәйге – біз біле бермейтін этнографиялық мазмұн мен бай дәстүрге ие. Соған да қысқаша тоқтала кеткенді жөн көрдік. Бәйге өткен заманда үлкен-кіші ас-тойларда ұйымдастырылып, даулы мәселелер туындамас үшін бәйгенің билігі беделді ақсақалдарға жүктелген. Ас-тойды басқарушы адамды «Кіреші» деп атаған. Ол барлық ат ойындарының (бәйге, аударыспақ, көкпар, т.б.) әділ өтуіне жауапты болған. Ертеде ат жарысы басталар алдында басына қызыл орамал байлап, қолдарына бақан ұстаған адамдар жар салып, жүйріктерді бір жерге жинайтын болған. Бұларды «Ат шығарушылар» деп атайды. Бәйгеге қосылған жүйріктерді, бәйге шабар немесе ат шығар жерге дейін аман-есен жеткізуге тағайындалған адамды «Ат айдаушы» дейді. Шауып келген жүйріктерді ұстайтын жерді «Көмбе» деп атаған. Көмбеге жүйрік аттарды тосып алуға ыңғайлы, биіктеу, айналасы толық көрінетін қыратты жер таңдап алынады. Жүйріктер жолға шығар алдында көмбе-төбеде тұрған көпшіліктің алдынан өтеді. Атақты жүйріктер басқа аттардан бөлек жалғыз-жалғыздан жүреді. Кіреші тағайындаған асаба атақты жүйріктерді мақтап-мадақтап таныстырады. Қазақы дәстүр бойынша көптің алдынан өткен жүйрікті иесі тіл-көз тиіп кетпеуі үшін кежімдеп (денесін толық жауып) алып өтеді. Көптің алдынан жүйріктер тізіліп өткен тұста атбегілер бәйге аттарының бабын байқап, аяқ алысын аңдап, қай жүйріктің маңдайы жарқырап, озып келерін ой мөлшермен табады. Дәл тапқан адамның атбегілік өнері жоғары бағаланады. Оларды «сыншылар» деп атайды. Ең соңында көмбеге жауапты адам бұл жолғы ас-тойға қанша жүйрік жиналғанын, сондай-ақ алыстан ат терлетіп кімдердің келгенін, ат жарыс өтетін қашықтықты, бәйгеге тігілген сыйлықты жариялап, аттарды айдауға рұқсат етіп, шабандоз балалардың көзінше көмбенің мәре сызығын белгілеп, оған арнайы қарақшы немесе белгі (басына жалау байлаған ұзын діңгек т.б.) орнатады. Жүйріктер көмбеге топталып жеткен жағдайда ат ұстаушы адамдар жаңылысуы мүмкін. Осындай жағдайды бақылап төрелік айтатын адамды «Кірегі» деп атайды. Ат ұстаушы кірешілер өте адал болуы керек. Жүйрікті дұрыс ұстамаса жанжал туындап, ру мен тайпа арасына жік түсіп, бүлік туындауы мүмкін. Ұзақ шабыстан көмбеге жеткен жүйріктер шаршап, қарлығып, соңғы күшін сарқып келеді. Осындай қарлығып келе жатқан жүйрікке тың рух беріп, қиқулап, көмбеден көтеріңкі күймен өтуіне көмектесетін адамдарды «Көтермешілер» дейді. Бәйгеден озып келген жүйрікке міндетті түрде жүлде беріледі. Жүлденің түрі көп. Тарихи деректерде тоғыз тайтұяқ алтын, тоғыз күміс жамбы немесе тоғыз түйе, тоғыз құлынды бие, тоғыз мауыты кілем, тоғыз торқалы киім, тоғыз мақпал киім, тоғыз тон, тоғыз шапан, тоғыз торпақ сияқты тоғыз түрлі бұйым берілген. Егер осы бір тоғыздан біреу берілсе «бір тоғыз» немесе тоғыздан үшеу берілсе «үш тоғыз» деп атаған. Тіпті бай-дәулетті әулеттерде тоғыз тоғызға дейін жүлде-бәйге беретін дәстүр болған.

https://egemen.kz/article/156999-bayge-zhane-onynh-turleri



Сұрақтар
  1. Бәйге ұйымдастырылады

  2. Кіреші

  3. Бәйге, аударыспақ, көкпар

  4. «Кежімдеу» сөзінің мағынасы

  5. Көмбе

  6. Берілген мәтін стилі

  7. Кірегі

  8. Мәтін тақырыбы берілген бөлімдердің қайсысына жатады?

Қате туралы хабарландыру