Толық ҰБТ тапсыру
Қазақша

iTest қолданбасын жүктеп алу

Мектеп емтихандарына ыңғайлырақ форматта дайындалыңыз

15-мәтін

Конспект

Оспан батыр Чойбалсанмен хат жазысып тұрған. Оны тарихи деректер де дәлелдейді. Бір хатында «...Біз қазақ-моңғол халықтарын азаттық алу жолындағы күреске жұмылдырамыз. Бізге қазіргі уақытта қару-жарақ қажет. Сіздер көмек береді деп сеніп отырмыз» деп жазады. Шығыс Түркістанның атын жамылған үш аймақ әскері Оспан батырмен қақтығысып Оспан сарбаздарын Алтайдан Моңғолияның Бәйтік тауына қарай ығыстырады. Бұл оқиға 1947 жылы сәуір айында басталды. Моңғол әскерімен болған аласапыран соғыста Қытай армиясы жеңіліп, кері шегінді. Тарихта «Бәйтік оқиғасы» деген атпен қалған соғыс Моңғолия шекарасының белгіленуіне, беріктігіне негіз болды. Тағдыры талқыға түскен Оспан батырдың сыртынан азулы алыптар талай жоспар құрып үлгерген еді. Сталин өз мүддесін ойлап, шығыстан дербес республика құрып, оны өз пайдасына шешуді мықтап қолға алды. Советтік идеологиямен тәрбиеленген азаматтарды арнайы жіберіп, Оспанның көтерілісін желеу етіп Шығыс Түркістан Республикасын құруға тапсырма береді. 1940 жылдардың басқы мезгілінде ІІ Дүниежүзілік соғыстың өрті тұтанып тұрған, Совет одағы әлсіреп бастаған кезеңде Совет одағына, әсіресе, Сталинге, шығыстан бір дербес республикалық күш немесе артық жем болатын бір мемлекет керек болды. Тура осы кезде Сталин Шығыс Түркістан Республикасы деген мемлекетті құру идеясын ортаға қойып, Шыңжаңда күрес жағдайын өзінің тыңшылары арқылы және басқа да күштер арқылы бақылауға алып, Өр Алтайда ұлт-азаттық соғыста күресіп жатқан Оспан батырмен тіл табысуға мәжбүр болған. Оспан батырдың Совет Одағынан алған алғашқы көмегі мынандай болды: 400 винтовка; 20 000 оқ; 30 пулемет; 45 автомат; 200 гранат. Қолына қару тиген Оспан батырдың қолы күн санап өсіп Алтай аймағын уысында ұстап тұрды. Кейбір деректерде батырдың қолы 40 мыңға дейін жеткені айтылады. Қытай жағы да, моңғол жағы да батырмен санасатын жағдайға жетті. Тіпті Оспан батырдың әлемдік деңгейдегі оқиғаларға еріксіз араласуына тура келген. Соғыстың соңғы жылдарында Американың атом қаруына ие болып, ССРО-ның оны жасауға жанталасқаны тарихқа белгілі. Атом қаруына қажетті уран жеткіліксіз болып, Совет одағы Қытайдың Алтай аймағынан қажетін тауып, тасып бастайды. Күн сайын тізбектелген машиналар қара тасты шегарадан асырып жатқанын көрген Оспан батыр оларға бірнеше рет шабуыл жасап, өртеп жіберген. Адамзатқа қауіп төндіретін аждаһаны батыр қайдан білсін? Тек туған жерінің тасына дейін басқаға қимағаны еді. Ел мен жерді қорғау жолында басын бәйгеге тігіп, ат үстінде жаумен арпаласқан Оспан батыр елдікті бәрінен биік қойды. Көз алдында жау қолынан жазым болған жақындарын көрсе де асқақ мұраты аласарған жоқ. Ұрпақтарының көпшілігі жау қолынан мерт болды. Тіпті қыздары Әзипа мен Пәнсия қолына қару алып, жауға шауып, асқан мергендіктерімен көзге түскен.

https://e-history.kz/kz/publications/view/4730



Сұрақтар
  1. Оспан батыр кіммен хат жазысып тұрған?

  2. Тарихта «Бәйтік оқиғасы» деген атпен қалған ұрыста кімдер жеңілді?

  3. Шығыс Түркістан Республикасын құру идеясы кімдікі?

  4. Оспан батырға 400 винтовка, 20 000 оқ, 30 пулемет, 45 автомат, 200 гранат берген кім?

  5. Совет одағы Қытайдың Алтай аймағынан не тасыды?

  6. Берілген мәтін стилі

  7. Оспан батырдың қыздары

  8. Мәтін тақырыбы берілген бөлімдердің қайсысына жатады?

Қате туралы хабарландыру