
iTest қолданбасын жүктеп алу
Мектеп емтихандарына ыңғайлырақ форматта дайындалыңыз
14-мәтін
Ноғайлар Оңтүстік Сібір (Тұран) өтпелі нәсіліне жатады. Ал антропологиялық жағынан моңғолоидтық та, еуропоидтық та белгілері бар. Ноғай тілі алтай тілдері семьясының ішіндегі түркі халықтарының қыпшақ тобына жатады, яғни қазақ және қарақалпақ, қырым татарлары, қарашай, құмық, балқар, қарайым, татар, башқұрт тілдеріне өте жақын. Ғылымда қыпшақ-ноғай тілдері деген де ұғым бар. Оған қазақ, қарақалпақ, қырым татар (оның ноғай диалектісі), ноғай, өзбек тілінің қыпшақ диалектілері жатады. Ноғай тілі Дағыстанның әдеби тілдерінің бірі болып саналады. Жалпы ноғай тілі тағы бір түркі тілі – құмық тілімен бірге Дағыстанның негізгі тілі болған, болды деп айтуымыздың да себебі бар. Қазіргі Дағыстанның басты тілдері: авар және дарғын тілдері. Дағыстан атауының өзі тау (дағ) жұрты әуелден түркі елінің бірі екенін білдіріп тұр. Ноғай тілінің екі диалектісі бар. Олар – қараноғай және құбан, сондай-ақ ноғай говоры да бар. Ноғайлардың 90 пайызы өз ана тілім деп ноғай тілін таниды. Ноғайлардың этникалық негізін қазақ халқының да құрамына кірген мына тайпалар құрайды: үйсіндер, наймандар, керейіттер, қыпшақтар, қаңлылар, маңғыттар және т.б. Олардан басқа қазіргі Батыс Моңғолия, Орта Азия мен Солтүстік Кавказ және Қырым мен Еділ бойы, Сібір жерлерін мекендеген халықтар да ноғай ұлтының қалыптасуына өз еңбегін сіңірді. Басқа да түркі халықтарының, оның ішінде ноғайлардың да халық болып қалыптасуында Дешті Қыпшақтың да рөлі ерекше. Ноғайлардың басым көпшілігі ханафит мәзхабына жатады, яғни сүнниттік бағытты ұстанады. Ислам діні ноғайлардың арасына Х-ХІ ғасырларда терең ене бастады. Ал ноғайлардың толық мұсылмандануы 1312 жылы Алтын Орда мемлекетінің ханы Өзбек ханның өз елінде исламды мемлекеттік дін деп жариялауымен байланысты болды. Ноғайлардың ауыз әдебиеті Баба Түкті Шашты Әзіздің ислам дінінің таралуына сіңірген еңбегін зор бағалайды. Ал XV ғасырда ноғайлардың халық болып ұюы кезінде ислам олардың рухани мәдениетіне үлкен әсер етті. Қазақтар арасында Йассауи ілімі қалай кең таралса, ноғайлар арасында да соншалықты кең таралды. Нақшбандия ілімі де кең таралған болатын. Өткен ғасырдың 20-30 жылдары ноғай молдарының барлығы асып-атылды немесе Итжеккенге жер аударылды. 90 жылдары Ноғай даласында тек 2-3 қана молда қалған еді. Қазіргі күні ислам қайта өркендеу үстінде. Егер XIX ғасырдың аяғында – XX ғасырдың басында біртұтас Ноғай қадияты болған болса, қазіргі күні ноғайлар тұрған жерлеріне байланысты тиісті аумақтық мүфтияттықтарға бағынады, яғни Қарашай-Шеркесия ноғайлары бір мүфтиятқа, Шешенстан ноғайлары екінші мүфтиятқа, Дағыстан мен Ставрополь өлкесіндегі ноғайлар сондағы мүфтияттықтарға бағынады. Ноғайлар арасындағы ең ірі мүфтият Дағыстанның Ноғай ауданындағы Дін басқармасы Ноғай даласының мұсылман қауымдарын біріктіруге тырысуда. Дағыстан мен Шешенстанда тұратын ноғайлар шафий мәзхабының мұсылмандарымен қатар қоныстанғандықтан (тиісінше Бабажұрт және Шелковский аудандары) кейбіреулері шафий мәзхабына да өткен.
https://e-history.kz/kz/publications/view/nogai_nege_kazakka_zhakin__4739
-
Ноғай тілі Алтай семьясы ішіндегі қай топқа жатады?
-
Ноғайлардың нәсілі
-
Ноғай арасында Х-ХІ ғасырларда кеңінен тарала бастаған дін
-
Исламды мемлекеттік дін деп жариялаған Алтын Орда ханы
-
Қай жылдары ноғай молдаларын қудалау болды?
-
Берілген мәтін стилі
-
Дағыстан мен Шешенстанда тұратын ноғайлардың кейбірі қай мәзхабқа өткен?
-
Мәтін тақырыбы берілген бөлімдердің қайсысына жатады?