
iTest қолданбасын жүктеп алу
Мектеп емтихандарына ыңғайлырақ форматта дайындалыңыз
38-мәтін (2019 жыл)
Конспект
Қазақ хандығының 550 жылдығы қарсаңында:
Қазақ хандығы ту тіккен өңір
- Осыдан бес жарым ғасыр бұрын Жәнібек пен Керей сұлтандар Әбілқайыр ханнан бөлініп, жүректерінде азаттық пен бостандықтың жалыны жанған елін ертіп, Батыс Моғолстанның Шу мен Талас өзендерң аралығындағы Қозыбасы аймағына қоныстанды. Осындай тарихи оқиғаның бастауы болған бұл шежіреге толы өңірдің тауы мен тасы, әрбір басқан жері аңызбен өткен кезеңдерден сыр шертеді.
- Мұхаммед Хайдар Дулатидің "Тарих-и Рашиди” атты еңбегінде көрсетілген Керей мен Әз Жәнібектің алғашқы хандық құрып, ту тіккен жері - Шу бойындағы Қозыбасы. Ол шоқы Мойынқұм ауданындағы Жамбыл тауында орналасқан. Шу өзенінің арнасы сол кезде Қозыбасы биігіне жақын болыпты.
- Қозыбасы, Қозыбашы - атауына келер болсақ, тарихи түп дерек көздеріндегі Қазақ мемлекеті құрылған аймақ. Этимологиялық мағынасы қозының басындай ғана тау-төбелІ жерлерді бІлдіреді. Жетісу өңірінде бірнеше Қозыбасы бар. Мұхаммед Хайдар Дулатидің «Тарих-и Рашиди» кітабында Қазақ хандығының құрылған жері - Шу бойы мен Қозыбасыда деп айтылады, Шу бойы мен Қозыбасы тауы - тарихи-геотрафиялық тұрғыдан алғанда XIV- XV ғасырларда билік еткен Моғолстан мемлекетінің батыс бөлігіндегі өңір. Бұл ерте заманнан бар жер атауы. Қазақ хандығы осы Қозыбасыда шаңырак көтерген.
- Көне тарихқа үңілсек, Талас пен Шу өзендерінің аңғарлары ерте заманнан адам баласының тұрағы — мекені болғандығын айғақтайтын белгілерге көптеп жолығамыз. Тарихи дерек көздеріне үңілсек, Батыс Түрік қағандығының бастапқы жері Іле, Шу және Талас өңірлерін қамтыған. Батыс Түрік қағандығының саяси орталығы түрлі мезгілде Шу өңіріндегі Суябта, Баласағұнда және Меркіде орналасты. Бұл қалалар өз заманында қайнаған саяси өмірдің куәсі болды.
- Байырғы Қазақ даласын ғасырлар бойы мекендеп келе жатқан түркі - оғыз текті ұлыстар негізінде қалыптасқан ортақ тіл, дәстүр, территория, менталитеттегі байырғы этностың қайтадан «қазақ» деген жаңа атпен тарих сахнасына шыққан кезі. Яғни, бұрыннан әртүрлі аталып келген этнос (сақ, ғұн, үйсін, түрік, оғыз, түркеш, қыпшақ, т.б.) жаңа этнонимге ие болды. Жаңадан пайда болған «қазақ» этнониміне байланысты, олардың мемлекеті «Қазақ хандығы» деп аталды. Жаңа атауға және жаңа статусқа ие болды. Демек, XV ғасырдың алпысыншы жылдарында-ақ, Қазақ хандығы ұлттық құрамы, аумақтық тұтастығы, мемлекеттік басқару жүйесі, сондай-ақ ішікі-сыртқы саясаты жағынан қалыптасқан мемлекет ретінде өмір сүріп тұрды. Әрине, оған қазіргі таңдағы халықаралық қатынастар жүйесіндегі «мемлекет» өлшемімен қарауға болмайтын. Оның үстіне, «мемевкет» деген ұғымның өзі тарихи мәнге ие. Оған ұдайы даму, кемелдену негізіндегі тарихи үдеріс ретінде қарау керек. Өйткені, Қазақ хандығы құрылған XV ғасырда дүниежүзіндегі барлық елдер, яғни мемлекеттер біздің бүгінгі ұғымымыздағы мемлекеттік өлшемге жауап бере алмайтын. Демек, Қазақ хандығы алғаш құрылған күннен бастап, сол кездегі Еуропа мен Азияның кез келген елімен тен тұра алатын.
Сұрақтар
-
Мәтіннің қазақ елінің жаңа атауға, жаңа статусқа ие болғандығы туралы айтылатын бөлігі
-
Мәтін мазмұнның реттілігі
1. Жәнібек пен Керей сұлтандардың Әбілқайыр ханнан бөлінуі
2. Жаңа этнонимнің пайда болу
3. Алғаш ту тіккен жер
4. Қозыбасы атауы
-
Мәтіннің 1 және 2-бөлігінің мазмұн жағынан сәйкестігі
-
Мәтінде жауабы жоқ сұрақ
-
Мәтінде кездесетін Баласағұн, Меркі, Суяб қалаларына байланысты нұсқаны көрсетіңіз
-
Мәтін мазмұны бойынша тұжырымдардың дұрысы
1. Қозыбасы – Жамбыл тауындағы шоқы
2. Қазақ хандығы XV ғасырда қалыптасты
3. Қазақ халқының негізін түркі-оғыз текті ұлыстар құрады
Қате туралы хабарландыру