
iTest қолданбасын жүктеп алу
Мектеп емтихандарына ыңғайлырақ форматта дайындалыңыз
36-мәтін (2019 жыл)
1. Халық бала тарбиелеуде олардың жасына, ақыл-ойы мен дене құрылысының жетілуіне қарай, тәрбиені қарапайымнан күрделіге қарай, бірте-бірте ауырлатып, қиындатып отырған.
2. Ер балалардың 7 мен 10 жас аралығын «қозы жасы» деп, бұл жастағы балаларға төрт түлік мал мен оның төлдерінің белгі, қасиеттерін жыға тану талабын қойған.
3. Ал, 10 жастан 20 жасқа дейінгі жасты «қой жасы», «Отан жасы» деп атап, осы он мен жиырма жас аралығындағы ер балаларға асау үйрету, қойдың қырық қайырымын білу, астық жинаудың «ұрық таңдау, айдау, баптау, ору, жию, қамбалау» сияқты алты әдісін, бағбандықтың көшет отырғызу, баптау, жалғау, бұтау, үзу, сақтау сияқты амалдарын толық меңгеру талабы қойылған.
4. 20 жастан 30 жасқа дейінгі жасты «жылқышы жасы» деп атап, бұл жастағы азаматтарға ел танып, жер танып, тың жол тауып, жаңа бастама көтеріп, жылқының жиырма қасиетін меңгеріп, жеті қараңғыда адаспай жол табатын, қауіп-қатерге жолыққанда ерлік көрсете алатын, батыл да батыр болу талабы қойылады.
5. Ал қырык жасты «жігіт ағасы», «дүр жігіт» деп атап, қырықка келген әрбір азаматқа елге тірек, әлсізге қорған болып, ел-жұртының кеткен кегі мен өткен өшін алып, Отаны мен халкының мұңын мұңдап, жоғын жоқтау парызын жүктеген «Ез тірліктен ер өлім», «Ерлік–жігіттің жігіттігін танытатын бағалы қасиет» деп, ел намысы, ер намысы үшін сын сағатта өзінің бас амандығы мен жеке мүддесін күйттеп, ел намысы мен ер намысын қорғай алмаған еркекті «ез, намыссыз, жетесіз» деп айтқан.
6. Ұрпақтарды жасына қарай талап қойып тәрбиелеу–тәрбиенің тиімділігін арттырады. Мал бағып, oт жағу, егін егіп, бау-бақша өсіру, қажетті мезгіл мен сын сағаттарда елінің, жерінің, халқының, Отанының ар-намысын қорғап, азаматтық таныту– саналылығын өсіреді. Ар-намысты, атақ-даңқты жеке басы мен өз мүддесінен жоғары қою сияқты ұлы мұрат, асқақ арман орнатуының негізін қалайды.
-
Егіншілік ісін меңгеру талаптары қойылатын жас
-
Мәтін мазмұнына лайықты мақал-мәтел
-
«Қой жасындағы» балаларға қойылмайтын талап
-
Қырық жастағы жігіттерге жүктелген міндет
-
Мәтіндегі негізгі ой
-
Мәтін бойынша ел намысын қорғай алмайтын жігіттердің сипаты