
iTest қолданбасын жүктеп алу
Мектеп емтихандарына ыңғайлырақ форматта дайындалыңыз
23-мәтін (2019 жыл)
Өсиет
Бip бай дүниеден өтер уақытында ұлын шақырып алып:
– Ұлым, мен көз жұмған соң, жұма сайын қыз алып, қала сайын үй сал. Ас жесең, бал же, – деп өсиет айтыпты.
Бай дүниеден өтіп, ұлы әкесінің өсиетін орындай бастайды: жұма сайын қыз алып, қала сайын үй салады. Ас ішсе, бал iшiп, аз уақытта барлық ақшасын бітіреді.
Бip күні әлгі жігіт амалы құрып, не iстерін білмей үйінің жанында терең ойға шомып отырған уақытта, жанына бip қария келіп сәлем береді. Жігіт сәлемін алған соң, қария жанына отырады да, жігітке:
– Неғып отырсың, балам? – деп сұрайды.
Жігіт:
– Жай отырмын, – деп жауап береді.
Қария:
– Сырыңды жасырма! Мен саған тек жақсылық тілеймін, мүмкін тығырықтан шығатын жол көрсетермін, – дейді.
Сонда жігіт:
– Meнің әкем бай адам еді сол әкемнің өлер алдында айтқан өсиетін орындаймын деп, кедей болдым, – дейді
Қария:
– Қандай өсиет айтып еді? – дейді
Жігіт:
– Әуелгі өсиеті: «Мен өлген соң жұма сайын қыз ал», - деп еді. Мен атамның сол өсиетін ұстап, жұма сайын қыз алдым. Екінші өсиеті «Қала сайын үй сал», – деп еді. Мен қала сайын үй салдым. Yшіншi өсиеті «Ас iшceң, бал же», – деп еді. Мен бұл өсиетін де орындап, әр күнi бал жедім. Солай етіп, үш жылда барлық ақшам таусылды, – дейді.
Сонда қария:
– Әй, балам-ай, сен әкеңнің өсиетін ұқпаған eкeнciң. Әкеңнің: «Жұма сайын қыз ал», – дегені: «Әйеліңмен сыйлас бол, қадіріңді кетірме. Сонда ғұмыр бойы тату-тәтті өміp сүресің» дегені. «Қала сайын үй сал» дегені: «Қала сайын достарың болсын, барғанда түсетін» деген еді «Ас ішсең, бал же» – дeгeнi: «Еңбек icтeп, ас iшceң, балдан тәтті болады» дегені еді, – деп, қарт өз жөніне кетіпті. Жігіт әкесінің терең мағыналы өсиетін сонда ғана түсініпті
-
Мәтін мазмұнынан тыс нұсқа
-
Басты кейіпкердің сипаты
-
Отбасылық татулықты меңзеген байдың өсиеті
-
Әкенің өсиетін орындаған баланың қателігі
-
Әкесінің балаға айтқан екінші өсиетіне сай келетін мақал
-
«Еңбек етсең, емерсің» мақалының мәтінге қатысы