
iTest қолданбасын жүктеп алу
Мектеп емтихандарына ыңғайлырақ форматта дайындалыңыз
32-мәтін (2019 жыл)
Кедей бір адам теңіз жағалауында толқынмен жағаға шығып қалған балықтарды теріп жүрді. Сол жағамен өтіп бара жатқан хан кедейді көріп, оған мейірімін көрсетпекші болып былай дейді:
– Дәл қазір ілмегіңе не түссе, соның салмағындай саған алтын беремін, – дейді, Біраздан кейін кедейдің ілмегіне ортасы тесік бір сүйек ілінеді. Хан балыкшыға:
– Не істеймін енді, несібен осыншалық екен, ілмегіне жеп-жеңіл нәрсе ілініпті, – деп, кедейді алтын беру үшін сарайына алып барады. Сарайға жеткендерінде, хан көмекшілеріне балықшы қолындағы сүйектің салмағындай алтын беруге әмір етеді. Сүйекті таразының бір жағына қойып, екінші жағына алтын қоя бастайды. Бес, он, жиырма, елу деп алтындарды қоя беріпті, бірақ сүйек орнынан еш қозғалмады. Бір қарағанға төрт-бес алтын салмағындай ғана болған сүйек, қаншама алтыннан да ауыр болып шықты. Таразының бір жағына алтындар тола береді, тіптен алтындар таразы кесесінен асып жерге шашыла бастайды. Сүйектің ауырлығы сонда да басым болады. Мұнда бір жасырын құпия бар деп, хан бір ойшылды шақыртады. Ойшыл сүйекті қолына алып, оған ұзақ уақыт қарады да былай деді:
– Бұл сүйек – қанағатсыз бір адамның бас сүйегі. Сіз оны тарту үшін барлық, қазынаны қойсаңыз да, ол орнынан жылжымайды. Өйткені көз тоймайды. Оны тек қана топырақ тойдырады. Осыны естіген хан сүйектің үстіне бір уыс топырақ салады. Сонда ғана таразының сүйек тұрған жағы жоғары көтеріледі.
-
Ойшылдың сүйекке қатысты айтқан ойы
-
Мәтін бойынша ауыспалы мағынада қолданылып тұрған тіркес
-
Мәтіннің негізгі түйіні
-
Мәтіндегі ойшылдың сөзіне қарама – қарсы мәндегі мақал
-
Мәтін мазмұнының реттілігі
1. Ойшылдың пікірі
2. Таразыға тарту
3. Ілмекке түскен олжа
4. Ханның уәдесі
-
Жасырын құпиясы бар зат