Толық ҰБТ тапсыру
Қазақша

iTest қолданбасын жүктеп алу

Мектеп емтихандарына ыңғайлырақ форматта дайындалыңыз

31-мәтін (2019 жыл)

Конспект

Аңыз әңгімелер — халық ауыз әдебиетінің бір жанры. Ол – оқиғасы шындық өмірден алынғанымен, ауызша айтылып таралғандықтан фольклорлық ерекшеліктермен толыкқан көркем шығарма. Белгілі адамдардың ел үшін еткен еңбегі, қамқорлығы халық намысын қорғауы, сол жолда жасаған игілікті іс-әрекеттері ел аузында аңыз әңгімеге айналып, ұрпақтан-ұрпаққа жеткен. Аңыз әңгімелерде халық қиялының коспасы болғанымен, негізгі ой түйіні барлық жерде бірдей сақталады. Окиға желісі күнделікті өмірде кездесетін қарапайым сюжетке құрылған аңыз-әңгімелерде ертегілердегідей әсіре қиялдау көп кездеспейді.

Аңыздар тарихта шын мәнісінде болған әлдебір оқиғаларға құрылады әрі осы оқиғалар көбіне нақты бір мекенмен, тау-таспен, өзен-көлмен байланыстырылады. Мұндай аңыздар «жер-су аттарына байланысты туған аңыздар» немесе «топонимикалық аңыздар» деп аталады. Мұндай аңыздарға Бурабай, Баянауыл, Жекебатыр, Шайтанкөл және т.б жер-су аттарына байланысты шығармалар жатады.

Қазақ аңыздарының үлкен бір тобы – өмірде болған ғашықтар жайлы көркем туындылар. Оларға Зарина ханшайымның, Айша бибі арудың, Балқаш қыздың бастарынан өткен оқиғалар жатады.

Сонымен қатар қазақ халық ауыз әдебиетінде тарихи деректер мен оқиғаларды халық қиялы мүлде өзгертіп жібергендіктен, ақиқаттың өзі уақыт өте келе аңыздың сипат алған аңыздардың бір тобы бар, Моңғолдардың атақты әміршісі Шыңғыс хан, оның ұлы Жошы хан және басқа да тарихи тұлғалар хақындағы кейбір аңыздар бұған дәлел болып табылады. Сүйікті ұлының қазасын жеткізген қазақтың ұлттық аспабының шанағына қорғасын құйдырған хан әмірі аңызда көркем тілмен кестеленеді. 

Тарихтың терең қойнауларынан орын алып, аңызға айналған оқиғалардың өтірік-шынын тексеріп жатудың өзі – ақылға сыймайтын нәрсе. Олар ойдан шығарылған оқиғалар болғандықтан да аңыз жанрына жатады. Бір атап өтерлік мәселе - шығармаларда мифтік бейнелерге айналған тарихи тұлғаларға, оқиғаларға тікелей байланысты аңыздар да көптеп кездеседі. Қорқыт, Алаша хан осындай аңыз кейіпкерлері болып табылады. Олардың өмірінде шын болғандығына кейбір зерттеушілер күмәнмен қарайды, өйткені есімдері тарихи шежірелерден табылмай отыр. Сондықтан да қазіргі уақытта мұны дерек, құжатпен дәлелдеу қиын. 

Аңыздар - халықтың ауызекі шығармашылығының ерекше жанры, оларда халық қиялы мен нақты оқиғалар желісін өзінше пайымдап жеткізген.



Сұрақтар
  1. Аңыз әңгіменің ертегілерден айырмашылығы

  2. Топонимикалык аңызға жататыны

  3. Қазақтың қасиетті аспабы домбыра туралы аңыздың кейіпкерлері

  4.  Аңыз әңгімелердің бастапқы нұсқасын өзгерткен

  5. Топонимикалық аңыздар

  6. Мифтік бейнесі басым аңыз кейіпкері

Қате туралы хабарландыру